139
орнатылған. Сондықтан, мұны адамның тағылықтан өркениеттілікке көшуі
дейді. Бірақ, бұл даму шегі емес. Қоғам одан əрі дами береді. Бұл өркениеттен
екінші өркениет жоғары бола бермек: шикі етті жұлып жегеннен гөрі, оны
кесіп, пісіріп жеген артық. Сонда өркениеттілік деген не? Біздіңше, егер
мəдениет дамудың көбінесе объективті жағын көрсетсе, былайша айтқанда,
менің ақыл-ойыммен, қолыммен жасалған, бірақ меннен тыс тұрған не
материалдық, не рухани құбылыс болса, өркениеттілік сол объектінің маған
тиімділігі, игілігі. Мəселен, қарапайым арба да, қазіргі жеңіл машина да, өнер-
білім де мəдениет жетістіктері, ал енді сол арбаны да, машинаны да, өнер-
білімді де пайдалану – маған жасалған жеңілдік, игілік. Мəселен, жұмыс істеу,
сөйлей білу, жүріп-тұрудың да мəдениеті бар. Ал енді сол мəдениетті игеру
өркениеттілікке жатады. Олай болса, өркениеттілік мəдени табыстардың адам
игілігіне жаратылуы. Бір кезде қала адамы ауыл адамына қарағанда мəдениетті
болды. Соған қарап өркениеттілік қалада деп түсіндік. Солай да болды. Енді
бүгін ол ұғым нақтыланды, ауыл мəдениетінің де қоғамға пайдалы, бағалы
жақтарын көрсетіп отыр.
Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да мақсатқа
қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет
еткізу жатады. Мəселен, АҚШ – озық дамыған капиталистік ел. Ол елде
езілгендер де, езушілер де бар, заңдылық та, заңсыздықтар да бар, басқа елдерге
жəрдем көрсету де бар, сондай-ақ бостандыққа ұмтылған елдердің теңдігін
аяққа басу да бар. Сонда бұл қандай ел? Неміс фашистері КСРО-ға
опасыздықпен соғыс ашқанда, олардың техникасы да, соғыс жүргізу əдісі де,
соғыс күші де біздің бұрынғы еліміздегіден жоғары болды. Бірақ, сонымен
бірге олар адамды қырудың түрлі əдістерін, құралдарын жасап қолданды, бала,
кемпір-шал, əйелдерді топтап атты, тірідей өртеп, жерге көмді, өлтіру пештерін
жасады, мұражайларды қиратты. Олардың елін өркениетті деуге бола ма? Жоқ,
болмайды! Сонда өркениеттілік неге байланысты? Ол ең алдымен прогреске,
заңдылыққа, ізгілікке, əділеттілікке байланысты. Біздің демократиялық,
құқылық, ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.
Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда латын сөзі
«азаматтық» дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп,
өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету
мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша,
азаматтық қоғамы, қалалық мəдениеті, заңға негізделген басқару тəртібі бар
Рим империясының даму дəрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей
топтастыруға болады:
1. Мəдениет пен өркениет бір, олар синонимдер (И. Гердер, Э. Тайлор).
2. Өркениет - мəдениеттің ақыры, оның кəрілік шағы, руханилық
антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
3. Өркениет - мəдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның
парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мəдени саты
(Л. Морган).