25
теориясын философия ғылымы ретінде қарастырады.
Арнайы ғылыми зерттеу философиялық мəселелердің теориялық
танымын түсіндіре алмайды. Керісінше, ол теориялық танымға жаңа мəселелер
мен аспектілерді алып келеді. Таным теориясы өз
дамуында жаңа ғылымдардың
философиялық əдістемелік негізіне сүйеніп дамыды.
Қорыта айтқанда, қолданатын құрал (тəсіл) жəне əдіс деген екі ұғымдар
бір-бірімен тығыз байланысты.
Тəсіл - материалды
немесе идеалды объект, оның танылатын объектпен
бағыттық байланысының нəтижесі, мəселенің шешім негізін құрастырады.
Сөйтіп, бұл ұғым заттық объектермен ассоцацияланады жəне объектілердің
орнын басатын (репрезентация) жəне жиналған білімді концептуалдау (жүйелі
түрге келтіру) көрнекі елестер болып табылады.
Таным іс-əрекетін меңгеретін
негізгі формасына əдіс жатады.
Ғылыми əдіс - зерттеушінің таным процестерінің, операциялары мен
процедураларының мазмұндық тұрғыда регламенттеуге арналған алдын-ала
жазба бұйрықтардың жүйесі. Əдіс классификациясының бірнеше түрі бар, оның
ішінде: философиялық əдістер (зерттелетін
нақтылықты анықтайтын,
синтездейтін, фрагментациялайтын жалпы қағидалар) диалектика жəне оның
альтернативалары, яғни
метафизика
мен
эклектика, структурализм,
феноменологияның, инструменталды операционализмнің философиялық
түрлері.
Жалпы, ғылыми əдістерге (бүкіл ғылыми салаларда қолдалынатын)
сапалық, сандық, құрылымдық-функционалды, жүйелік, кибернетикалық,
бағдарламалық, синергетикалық түрлері жатады.
Нақты ғылыми əдістер (нақты ғылымда зерттеушінің таным іс-əрекетінің
мазмұны мен ізгілігіне регламентация жасайды): физикада - ядерлы-
магнетикалық резонанс, калибровты əдіс, химияда - хроматографиялық əдіс,
психологияда - интроспективті əдіс, тарихи зерттеулерде - герменевтикалық
шеңбер. Осыған қарамай, дəстүрлі жіктелудің түрлері келесі: формальды
өлшемдер бойынша: жалпы логикалық əдістер; ал мазмұндық тұрғыдан:
эмпириялық пен теориялық зерттеулер əдістеріне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: