Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы (ұйытқысы)»



бет82/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы (ұйытқысы)» - бұл И.
Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясында - оның
шарты
түрінде
қабылданған, жоққа
келтірілмейтін
фундаменталды
кіріспелерден тұратын бағдарламасының құрылыс элементі.
Гипотезалардың «қорғау белдігі» - бағдарламаның «қатал ұйытқысын»
жоққа шығарудан сақтайтын негізбен қосымша гипотезалардан тұратын
бағдарламаның құрылысы. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы
мысалдармен кездескенде жартылай немесе толық түрде айырбасталуы мүмкін.
«Аd һос» гипотезасы - «қорғау белдігінен» алынған, тек осы оқиғаға
қатысты, яғни, «қатал ұйытқысын» нақты қарсы мысалдардан қорғайды.
Жағымды (позитивті) жəне жағымды емес (негативті) эвристика -
зерттеу бағдарламаның келешегінде болашақты («жағымды эвристика») жəне
бұрыс жолдардан алшақтау туралы, бағдарламалардың ауысуын негіздейтін
нормативтік ережелер туралы анықтамалар.
Лакатостың пікірінше, зерттеу бағдарламаның дамуында екі кезеңді
шығаруға болады: прогресивтік жəне азғындаған. Эмпириялық пен теориялық
мазмұндарды нығайтатын жəне гипотезалардың ұсынуына белсенді түрде
итермелейтін «жағымды эвристика» прогрессивті кезеңде үстемді болады.
Бірақ, содан кейін зерттеу бағдарламасының дамуы жедел тоқтала бастайды,
оның «жағымды эвристикасы» өзінің эвристикалық күшінен айырылады, сол
себепте «аd һос» гипотезаларының саны өсе бастайды.
Томас
Кунның
тұжырымдамасына, оның
негізгі «Ғылыми
революциялардың құрылысы» атты шығармасында ұсынылған келесі ұғымдар:
парадигма; пəндік матрица, қалыпты ғылым, басты қатыру жаттығулар,
парадигмалардың сəйкессіздігі.
Парадигма - Т. Кунның ғылыми білімнің даму динамикасы туралы
тұжырымдамасында ғылыми қоғамдардың қалыптасу негіздерінде ғылым
тарихын құрастыратын олардың арасындағы бəсекені ашатын жəне білдіретін
орталық ұғым. Сол негіздер ғылыми қоғамның өкілдерімен қабылданған


201
ғылыми іс-əрекеттің нақты моделі - теориялық стандарттардың жиынтығы,


методологиялық нормалар, дүниеге көзқарастардың құндылық белгілері - яғни,
парадигмалары деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет