Қарлұқтар 6-7 ғасырларда Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының ықпалына кірді.
Жазба деректерде қарлұқтардың бірқатар шоғырланған топтары туралы да айтылады. Мысалы, олардың Отюкен таулы жерлерінде, Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған.
Алайда олардың негізгі көпшілігі, ертедегі түріктердің руналық ескерткіштердің деректері бойынша, Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында орналасқан. Қарлұқ тайпаларының билеушісі елтебер деген атақ алған. 766 жылы түргештердің екі қағанының ордалары Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Қарлұқтар мемлекетіндегі әскери әкімшілік басқару жүйесі олардың көшпелі жіне жартылай көшпелі тұрмысының ерекшелігін бейнеледі.
Қарлұқ тайпалары 8-10 ғасырларда Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең байтақ аумақта қоныстанды.
Қарлұқ тайпалары 8-10 ғасырларда Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең байтақ аумақта қоныстанды.
Қарлұқ тайпалары Талас аңғарында тұрды.
8 – 10 ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. 940 (942) жылы қарлұқ мемлекетінің астанасын — Баласағұнды — Шығыс Tүркістандағы түріктер — Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары — жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Оғыздар (ежелгі түркіше – оғуз; қазақша – оғыз) орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді.
7 ғасырдың басында Түркі қағандығы құрамында тоғыз оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түркі қағандығы құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады.