Глоссарий Жерге орналастыру



Дата13.02.2023
өлшемі16,92 Kb.
#67591
Байланысты:
Глоссарий Айзере жер катынастары (копия) (копия) (копия) (копия)


Глоссарий
Жерге орналастыру- мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.
Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты.
Жайылым — оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. 
Иқта – мұсылмандық құқықтағы тиісті салықтарды мемлекетке төлеу шартымен иен жатқан жерлерді пайдалануға беру тәртібі.
Өндірістік қатынастар — өндіріс, бөліс, айырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. 
Иерархиялык жүйе- - әрбір деңгейдегі басқару шешімдерінін көп деңгейлі және қатал субординацияланған көлемімен сипатталатын ұйымдастыру құрылымы.
Колхоз - Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында пайда болған ұжымдықшаруашылық - өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық, меншік және ұжымдық еңбек негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылықөндірісін жүргізу үшін шаруалардың ерікті түрде бірігуі жолымен құрылған кооперативтік шаруашылық.
Империя –жер жүзінің әр түрлі бөліктерінде кең-байтақ аумақтарды басып алған ірі отаршыл мемлекет.
Ирригация — жерді қолдан суландыру. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бітік болуы үшін жауын-шашын аз жауатын аудандарда егістік жерлерді өзен, көл және жер асты суларымен суландыру.
Отарлау - "ішкі", өз елінің шет және елсіз аймақтарын игеріп, қоныстану; "сыртқы" - өз елінен өзге жерлерде тұрақтар салуы, өзге аумақтарды басып алу.
Генарал-губернаторлык патшалық Ресейдегі жергілікті жоғары әкімшілік лауазым.
Территория қоғамдық байлықтың аса маңызды бөлігі, мемлекет тәуелсіздігінің негізі, барлық байлықтың жиынтығы.
Жеке меншік -жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі.
Жер қатынастары қоғамның экономикалық құрамын қалыптастыратын өндірістік қатынастар жүйесінің негізгі бөлшегі болып табылады.
Капитализм – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет