Д әдіс-тәсілдері: сауалнама, әңгімелесу, сипаттау, салыстыру



бет1/5
Дата13.09.2022
өлшемі83,17 Kb.
#38985
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дарын Мағжан — копия


Тақырыбы: Мағжан шығармашылығын логотерапияда қолдану арқылы экзистенцияны ( адамды іштен өзгертетін қасиеттер) жүзеге асыру .
ә) проблемасы: Бүгінгі күн телефонға телміріп «қуыс кеуде» болып бара жатқан балаларда Мағжан шығармашылығы нигилизмнің алдын алу
б) проблеманы шешудің болжамы: 21 ғасырдағы Қазақстандағы мәселелерді шешуде, бала тәрбиесіндегі Мағжан шығармашылығының қырын таныту.
в) пәні мен нысаны: әдебиет
г) мақсат, міндеттері: Мағжан шығармашылығын оқыту арқылы оқуда, өмірде мән табу жолдарын сипаттау, дәлелдеу.
д) әдіс-тәсілдері: сауалнама, әңгімелесу, сипаттау, салыстыру
е) алынған нәтижені талқылау, қортындылау
Біз өз ізденіс жұмысымызда Мағжанның шығармашылығын оқыту барысында экзистенцияға қалай қол жеткізіп, нигилизмнің алдын қалай алуға болатынына мысалдар келтіре отырып, тәжірибемен бөлісеміз.Логотерапия негізі , экзистенция,нигилизм терминдарына түсінік беріп,Мағжан шығармалары арқылы оқушыларға оқуда өмірде мән табу жолдарын ұсынамыз.
Логотерапия дегеніміз не? Қайдан шықты?Нені білдіреді? Шыны керек, көбі оны логопедпен шатастырады. Бұл ілімнің негізін қалаушы Виктор Франкл бұл сөзді бірінші рет тың мағынада қолданған. Ол гректің «Логос» сөзін «МӘН» деген мағынада алған. Қазақша «Хикмет ілімі» дейміз. Ал, терапия «ем» дегенді білдіреді. Екеуі «Мәнмен емдеу» немесе «Хикмет шипасы» деген мағына береді. Бұл еңбек әу баста суицид кеселіне қарсы жазылған. Бірақ онда «суицид» сөзі сирек кездеседі.Себебі Франкл оны сирек қолданған. Ол аурумен емес, оны тудырушы «вирусты»жоюмен шұғылданған.
Түсінікті болу үшін «экзистенция» сөзін ашықтай кетеміз.Бұл латын көне «ex-sistere» сөзінен шығады.Мағынасы: «даралану», «бөліну», «көзге түсу», «пайда болу», «іргелену» деген. Яғни адамды іштен өзгертетін қасиеттер жиынтығы.
Адамның жануардан айырмасы барын да талай данышпан айтқан. Ақылы, сөйлеуі, тік жүруі, күлуі тағысын тағы деп кете береді. Бірақ Франкл ерекше екі қасиетті айырып алды. Сол екеуін логотерапияның фундаменті етіп қалады. Біріншісі-өзінен есеп алу қабілеті (self-detachment).Тура мағынасы- өзіңді сырттан бақылау,іс-әректіңді елестету, өзіңді безбендеу. Екіншісі - өзін жарып шығу мүмкіндігі (self transcendence). Екінші термин сәл түсініксіздеу болуы мүмкін.Бірақ оның мәні қазақ тілінде бұрыннан бар. Мағынасы-өзіңді өзіңнен суырып алып, басқа аймаққа өткізу. Рухани болмысыңды бұ дүниенің шырмауынан босатып,ғайып әлемге самғату. Бұл терминді Яссауи «жаннан кешу» деп қолданған. «Диуани Хикметте»:
Ей, сопы, талап қылсаң Хақ дидарың,
Жаннан кеш, алқа ішінде жан қинағын,- деп келеді. Яғни адамның жаннан кешіп, өз шегінен асып кетуі. Жарқын идеяға ұмтылғанда өзін ұмытып, ғайып әлемге жетмін деп талпынуы. Бұл түсінік қазақ дүниетанымына «жүрек көзінің ашылуы» деген тіркеспен сіңді. Адамның басқа әлемге терезе ашып, өзін ғайыппен байланысқа түсіретін қасиетін қазақ тілінде көркем түсірген хакім Абай болды.Ол:
Іштегі кірді шығарсаң,
Түседі хақтың сәулесі.
Жүректің көзі ашылса,
Адамзаттың хикметі кеудесі,- деп өлеңмен шебер өрнектеген.
Ф.Франкл бойынша логотерапияның негізіг концепциясы
Бірінші: бізді тіршілікке байлап тұрған нәпіқұмарлық пен билікке деген құщтарлық емес. Адамды құштар қылған-мағыналы МӘН! Мәнді табуда сенімді серігіміз-жұдырықтай жүрек.Жетекшіміз-ар мен ұят.Жүрек құнды идеямен байыған сайын міндетін мінсіз атқарады.
Екінші: Өмірде МӘН бар. Мән транцендентті сипатта болады. ОЛ-ғайып әлемдегі объективті болмыс.Кісі баласы дүнияи нығметін «Өмірдің мәні» осы деп ойлаудан сақтасын.Бізді мәнмен жалғайтын алтын көпір –құндылықтар.Адам құндылық жиған сайын Мән табатын мүмкіндігі молая түседі.
Үшінші: адамның ерік қалауы бар.

Күннен туған баламын


Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім күнмін, өзім от,
Сөзім, қысық көзімде от.
Өзіме өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі-от,
Оттан басқа тәңірі жоқ,-деген өлең жолдары атақты символист Д.С.Мережковскийдің «Дети ночи» деген өлеңіне жауап ретінде жазылған.Бұл өлеңдер циклы Европаны қанға бояған Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған жырларда жазылған. Сол сияқты О.Шпенглердің «Закат Европы» деген кітабы да осы сарында . Осы шығармалармен танысқан Мағжан Жұмабаев бірнеше өлең жазған. Соының бірі-«От» өлеңі.Бұл өлеңде негізінен адамдардың моральдық қасиеттерінің төмендей бастағаны айтылады:
Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан,
Қараңғылық дұспаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға
Талай заулап ұшқанмын,-деп өзінің надандықпен күресетінін айтса:
Кеше маған тіл келді,
Күнбатыстан жел келді:
Қараңғылық қаптады.
Ұяттан әсер қалмады,
Идеалды, алланы
От-символ сөз.
Қарын деген таптады,-деген жолдары тура бүгінгі күн көрінісіндей. Шынымен –ақ қазіргі кезде батыстан соққан желдің күштілігі соншалық, тіпті біздің кшкентай бүлдіршіндеріміздің санасын есі кірер-кірместен жаулап, лайлап ұлттығымызды ұмыттырып жатқан жайы бар.Алысқа бармай-ақ балалардың сүйіп көретін мультфильмдеріне шолу жасайық:
Бүгінде көгілдір экранның, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда жас жеткіншектеріміздің психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жатады. Өйткені, батыстан әкелініп жатқан айқай-шуға, қатігездікке толы, мағынасын түсініп болмайтын мультфильмдер бүлдіршіндердің санасына айтарлықтай әсерін тигізетіні сөзсіз.
Шетелдің мультфильмдерінде балаларды қызықтыру аясы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай. Тіпті, балалар түгілі, ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері күшті. Осыдан барып сана-сезімі толық қалыптасып үлгермеген балаларда жағымсыз мінез-құлықтардың белгілерін байқауға болады. Күндіз-түні зорлық-зомбылыққа толы көріністер көрсетіліп, адам бойындағы қан бұлақ суындай ағып жататынын көрген балаға бұлардың бәрі қызық болып көрінеді. Олар мультфильмдердегі кейіпкерлердің жасаған қимылдарын айнытпай салып, олардың айтқандарын айна-қатесіз қайталап жатады.
Кез-келген үйге бара қалсаңыз, қаптаған түрі ұсқынсыз Халк, Шредер, Бэтман, «Супермен», «Өрмекші» адам тағы басқа мультфильмдердің дискілерін, суреттерін, ойыншықтарын байқауға болады.
Американдық зерттеушілердің пікіріне назар аударсақ, балалар мен жасөспірімдер телеаудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отыратынын дәлелдеген.
Орта есеппен бір күнде балаларымыз 17 өлім, 37 мейірімсіздікке толы көріністерді көреді екен. Мұндай хабарлар балалардың дүниетанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсерін тигізетіні анық.
Ал бұған тойтарыс беруге, ұлттық өнімдеріміздің қауқары жоқ.
Отандық мультфильмдер заман көшіне ілесе алмай, артта қалып қойғаны мәлім. Батыстың арзанқол дүниелерінің бала санасын жаулап алғаны соншалық, қазақстандық мультипликаторлар жасаған дүниелерді мүлде қарамайды, көруге деген ынталары төмендеп кеткен.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме?
Мұны көріп өскен бала ұлттық құндылықтарымызды, рухани болмысымызды, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді не қылсын?

Идеалды, алланы


Қарын деген таптады,-дегені осы мультфильмдерді көрсетіп отырған өзіміздің қандастарымыз идеалды, Алланы ойлап отырған жоқ тек өз қарындарын, яғни қалтасын ойлап отыр.
Қарын-синедоха.
«От»-символ. Яғни тек жүрегінде оты бар , елім, жерім, ұрпағым деген адамдар ғана мұны түзете алады.
Батыстан соққан желдің кері әсері туралы көптеп айта беруге болады. Алайда біз «ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей бала тәрбиесіне тоқталдық.
« Пайғамбар» бұл өлең де Д.С.Мережковскийдің «Дети ночи» өлеңінің әсерімен жазылған.
Бұл өлеңінде де:
Күнбатысты қараңғылық қаптаған,
Жаңа түні атпаған.
Түнеріп жүр түннен туған перілер,
Тәңірісін табанына таптаған,-деп писсимистік тұрғыдан толғаса:
Түн баласы көр көзінен жас төгіп,
Күн шығыстан бір пайғамбар күтеді... –деп оптимистік тұрғыдан жырлайды.
Ерте күнде жоқ бар еді, түн туған,
Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.
Отты Күннің сәулесінен от Алтын,
Отты көзді, отты жанды Гун туған.
Бұл жердегі «гун» деген –түркінің арғы атасы деген мағынада. Ендеше айтпағы
Ол өзінің осы отты гуннің ұрпағы екенін мақтан тұтады.
Ғұндарға қысқаша тоқталсаҚ:

Ғұндар, хұндар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарынын арғы тегі. Біздің заманымызға дейін 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында Ғұндар гуй фан, гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді, т.б. атаулармен берілген. Біздің заманымызға дейін 3 ғасырдыңдың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды.. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңтейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктөңіріне табынын, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар ұлы Қытай қорғанын салдырған. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен "тыныштық және туыстық туралы шартқа" қол қоюға мәжбүр болды Ғұндар Еуропада өз империясын құрған.


Біз осындай халық ұрпағымыз.
Мағжанша айтсақ:
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына талай царь, талай патша тәжім еткен (Түркістан), хан Шыңғыстың ұрпағымыз. Ендеше батыстан соққан желге неге қасқайып тұрмасқа. Қасқайып тұрмақ түгілі, өзінің шыққан тегін былай қойып ғасырлардан –ғасырға жеткен асыл қазынамыз ана тілінде сөйлеуге қорланатындар көп .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет