Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңінің көркемдік ерекшеліктері Мағжанға дейінгі, шамамен екі ғасырлық кезең патшалық Ресейдің Түркістан аймағын басып алу мақсатында жүргізген саясатында туған әрекетімен және Түркістан халқының оған қарсылық көрсетуімен өткен. Ғасырлар бойы кең жазира қала қанға бөгіп, ел қажып күйзеліп, халық жаны мен жүрегіне жара түскен. Ал Мағжан туған жылдары Түркістан аймағы түгелімен патшалық Ресейдің езгісінде болатын. Бірақ соған қарамастан Түркістанда қалыпты бір жүйе құрылмаған еді. Түркістан халқының патшалық Ресейдің жаулап алу саясатына қарсы жүргізген күресі енді саяси үстемдікке наразылық білдірген бітпес бас көтеруге айналды. Ал, бұл көтерілістерді патша әскерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағжан Ресейдің Түркістан аймағында отаршылдық саясатын күшейту мен славян тектес көшпенділерді жаппай Түркістан территориясына қоныстандыруына қарсы Түркістан аймағының 1916 жылғы көтерілісіне де куә болды.
Түркістан өңірінің тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі жолында халықтың қаншама қаһарман ұлының қаны төгіліп, қаншама бір туар зиялы перзенті қылқаламын найза етіп жан аямай күресті. Олардың ішінде Мағжанның алар орны ерекше. Мағжан Жұмабаев – ұзаққа созылған бодандық кезеңінде келімсек отаршылдардың халық жадынан өшіруге тырысқан рухани байлығын сақтап қалуға бүкіл ғұмыры мен әдеби күш жігерін арнаған ұлы тұлғалардың бірі. Ол жанын құрбан еткен қасиетті күрес тек оның өлімінен кейін жеңіс тапты. Келешек ұрпағына ол армандаған бақытты күндерде өмір сүру нәсіп болды. Қайсар ел перзентінің құрметке лайық өнегелі істерін мәңгі есте сақтап, ардақтау біздің қасиетті парызымыз. Мағжан өлеңдерінде әр сөз, әр сөз тіркесі, әр өлең жолы, сонымен қатар шумақтар талдауды қажет етеді. Себебі, өлеңдерінде мынадай логикалық байланысқа шығуға болады: жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға өту. Мысалы: Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңір берген несібі ғой. «Түркістан – екі дүние есігі ғой» - бұл жолдағы «екі дүние» сөзі, біріншіден «дүние» сөзі полисемия, екіншіден «екі дүние» тіркесін көптеген мағынада түсінуге болады. Мүмкін ол жаңа мен ескінің арасы, мүмкін ғылым мен өнердің, мүмкін фәни мен бақилық, тіпті кешегі өмір мен бүгінгі тіршіліктің нысаны болар. «