45. Сөйлем дегеніміз:
1. Негізінен тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады
2. Айтуда дауысты дыбыстың сусып тұруы
3. Мағыналық және дауыс ырғағы жағынан анықталған ойды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінен грамматикалық түрде байланысып құрылған сөйлеудің ең кішкентай бөлігі
4. Мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркес
5. Сөздердің орны әбден қалыптасып, құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркестер
46. Әңгіме дегеніміз:
1. Оқушылардың оқығанын, мазмұнды қаншалықты түсініп, сезінгенін анықтау
2. Оқушылардың оқыған шығарманы ойында сақтап, одан алған әсерін мәнерлеп оқу арқылы нығайту
3. Оқушыларды көркем шығарманы қабылдауға дайындау
4. Оқушылардың терең ойлап, барлық қорытындыларды түсінуі
5. Оқиғаны шындық түрде, яғни шынымен өмірде болған немесе болатын оқиғаны суреттеу
47. Оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына түсіріп, түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп берудегі жұмыс түрі.
1. Диктант
2. Көшіріп жазу
3. Шығарма жазу
4. Мазмұндама жазу
5. Бәріне де тән
48. Мәтінді қысқартып мазмұндауға үйрету тәсілі:
1. Мәтіндегі мағынасы қиын сөзге түсініктеме беру.
2. Сұраулы сөйлем ретімен жасалған жоспар бойынша қысқаша жауап алу.
3. Мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөлу
4. Мәтінді мәнерлеп оқу
5. Тұтастай талдау
49. «Әдебиеттік оқу» түрлері:
1. Дауыстап оқу және тізбектей оқу
2. Іштей оқу және шапшаң оқу
3. Дауыстап оқу және шапшаң оқу
4. Түсініп оқу және мәнерлеп оқу
5. Дауыстап оқу және іштей оқу
50. Оқу сапасы:
1. Дауыстап, іштей, мәнерлеп, түсініп оқу
2. Дауыстап, дұрыс, мәнерлеп, шапшаң оқу
3. Дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу
4. Іштей, шапшаң, дауыстап, түсініп оқу
5. Буындап, тұтас, шапшаң, дауыстап оқу
Достарыңызбен бөлісу: |