Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің өзгеру периодтылығы
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің өзгеру периодтылығы
Дмитрий Иванович Менделеев – орыс химигі. Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған
Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң - табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі)
Периодтық жүйені суреттеудің (аналитикалық қисық сызықтар, кестелер, геометриялық фигуралар, және т.с.с) барлығы бірнеше жүздеген [1] (кітабында 400-ден астам деп айтылады) нұсқасы ұсынылған.
Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше, атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен еді.
01 02
Периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Д.И. Менделеевтің «Химия негіздері» атты еңбегінде бейорганикалық қосылыстар химиясы периодтық заң тұрғысынан алғаш рет теориялық негізделіп түсіндірілді. Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы Д.И. Менделеевке ғылымға сіңірген теңдесі жоқ зор енбегі үшін Фарадей атындағы алтын медаль берілді.
Системасы
Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды.
Д. И. Менделлеев ғылымның әр түрлі салалары бойынша: химиядан ,физикадан, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды. Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. 2.Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. / Алматы: Атамұра,2009. – 205 бет. 3. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том