Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым. Технология механикалық жəне химиялық технология болып екіге бөлінеді. Механикалық технология
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.
Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым. Технология механикалық жəне химиялық технология болып екіге бөлінеді.
Механикалық технология шикізатты өңдегенде бастапқы заттардың құрамы жəне ішкі құрылыстары өзгермейтін, мысалы, ағаштан жиһаз, металдардан машина жəне аппараттар, мақтадан, зығырдан, жүннен жіп, содан кейін мата жасау сияқты үдерістерді зерттейді.
Химиялық технология - химиялық өндіріс кезінде заттар мен оның өзгерістерін жүргізетін процестерді зерттейтін химиялық ғылымның бір саласы. Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді.
Қазіргі химиялық өндіріс шикізаттың орасан үлкен көлемдерін өңдейді, әр түрлі энергиялардың үлкен мөлшерін пайдаланады, күрделі және пайдалану шығындары мүнда үлкен мөлшерде болады, сол себепті оның аясында қолданылатын ғылыми ұғымдар сан алуан.
Шикізат - өнеркәсіптік өнімдер өндіруде пайдаланатын табиғи материалдар. Шикізат өндірістің экономикасын көрсететін, өндірілетін өнімнің технологиясы мен аппараттарының тандалуы мен сапасы тэуелді болып келетін өндірістің ең негізгі элементі болып табылады.
Реагент - бұл химиялық реагенттердің құрамына кіретін заттар, шикізаттың басты, бірақ жалғыз компоненті емес.
Мақсатты өнім – барлық химиялық технологиялық процесс осы жасалып отырған соңғы өнім.
Жанама өнім - өңдеу кездерінде көзделген өніммен қатар алынатын, бірақ берілген өндірістің көздегеніне жатпайтын өнімдер.
Қосымша материалдар - мақсатты реакцияға қатыспайтын шикізаттың барлық компоненттері, әдетті өнімге қосымша физикалық-химиялық қасиет беру үшін пайдаланылады.
Қалдық - өндіріс кезінде пайда болатын өзінің қажетті сапасын толықтай немесе жартылай жоғалтқан шикізаттың, материалдардың және жартылай өнімдердің қалдықтары болып табылады. Жартылай өнімдер, жанама өнімдер жэне өндіріс қалдықтары алдын ала өқдеуден өткен соң басқа өндірістер үшін шикізат қатарында болуы мүмкін.
Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.