Д)Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым
Е)Күн жылы болады деген сенім
16.Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз
A)Тұлпар мен серке
B)Өгіз бен бүзау
C)Жылқы мен қүлын
Д)Бура мен құмырсқа
Е)Қой мен ешкі
17.Тұжырымдардың дұрысы
1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді.
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді.
3. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді,-
A)Үшеуі де
B)Екіншісі
C)Бірінші мен үшіншісі
Д)Үшіншісі
Е)Екінші мен үшіншісі
18.Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен
бата қылмайтын Ай екен» деуінін сыры
A)Айға бата беру - надандық
B)Айға батаны жас адамдар ғана береді
C)Толған айға қатысты беріледі
Д)Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы
Е)ЬІрым, наным-сенімге байланысты
19. Ай бетіндегі дақтар
A)Тегістеу жерлері
B)Қыраттары
C)Ойпаттау жерлері
Д)Күнгей жерлері
Е)Төбешіктері
20. Айдың тууына байланысты халық әрекеті
A)Болашағын болжаған
B)Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған
C)Ауа райын болжаған
Д)Жыл мезгілінің ауысуын болжаған
Е) Құстардың қайтуын болжаған
5003 нұсқа
1-мәтін
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан
оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке
дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып
кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне кайтады екен.
Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая
бастағанда үйіне қайтып кететін болыпты.
Апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті.
Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты.
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұңын сырын сұрайды. Екінші адам
азғана езу тартып былай деп жауап қатады:
- Мұның айтарлықтай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде
тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты
жеңілдетеді әрі шаршамайсың.
1. Әңгіменің түйініне сәйкес келетін мақал
A)Еңбек етсең - емерсің.
B)Ер дәулеті - еңбек.
C)Еңбек түбі - береке,
Көптің түбі - мереке.
Д)Келген - дәулет,
Кеткен - бейнет.
Е)Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
2. Бірінші адамды ренжіткен жағдай
A)Уақыттың тығыздығы
B)Қасындағы адамның еріншектігі
C)КӨп күш жұмсап, төмен нәтижеге
жетуі
О)Жұмыстың көптігі
Е)Екінші адамның жауабы
2-мәтін
Қанағатсыздық
Баяғыда Жетісудан шықкан екі жолаушы Бұхараға бет алған екен. Бірі дәулетті, аты
Жалғыз деген кісі екен. Екіншісі кедейлеу, аты Тәңірберген болса керек. Дәулеттісі
аты күйлі болған соң баратын жеріне тезірек жету үшін атын қамшылап, ұзап кетеді.
Екіншісі асыкпай, атын шалдырып, жайлап жүре береді.
Бірнеше күн өткенде Жалғыз тамақсаулығына басып, жолға алған азығып жеп
тауысады. Содан бір тояйын деп астындағы атын сояды. Оның етін түн ішінде қорқау
қасқырлар жеп кетеді. Көліксіз қалған соң барар жеріне қалай жетсін, не аты, не
тамағы жоқ, өлімші халде жатқанда Тәңірберген жетеді. Аты тың, азғантай малтасын
қанағат еткен. Сөйтіп, ол Жалғызды мінгестіріп, малтасын бөлісіп, барар жерлеріне
жетеді. Тәңірберген болмаса, анау айдалада қалғандай екен. Жұрт арасында “қанағат
қарын тойғызады, канағатсыздык жалғыздың атын сойғызады” деген сөз содан
қалыпты.
3. Мәтінде жауабы бар сұрақ
A)Тәңірберген жолға қандай азық алды?
B)Екі жолаушы жолға қайдан шықты?
C)Тәңірберген Жалғызды өлімнен құтқарды ма?
Д)Екі жолаушы Бұхараға жетті ме?
Е)Екі жолаушы Бұхарадан қашан қайтты?
4. Мәтіндегі Тәңірбергеннің іс-әрекетіне қатысты мақал
A)Тәуекелдің кемесі суға батпайды.
B)Адасқан жігіт жол таппас.
C)Асықпаған арбамен.қоянға жетеді.
Д)Ерлік білекте емес, жүректе.
Е)Жақсы болсаң - жақын көп.
5. Мәтіндегі «ат шалдыру» сөзінің мағынасы
A)Атын жорға жүріске салу
В)Атын тынықтыру
C)Атын жетектеу
B)Атын баяу жүргізу
Е)Атын желіске салдыру
6. Байға қатысты нұсқа
/’
A)Қанағатшылдық
B)Бірбеткейлік
C)Қамсыздық
Д)Ашкөздік
Е)Жалқаулық
3-мәтін
Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты.
Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі
бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып,
шыққан өнімді екіге бөлісіп күнелтеді.
Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орып, өнімді екіге бөледі.
Кейін екеуі өз үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим,
сен осында күте түр, мен қаптарды алып келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», -
деп астық басында калады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады:
«Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған бидай көбірек керек», - деп,
өзінің үлесіндегі бидайдың бірнеше күрегін ағасының бидайына қосып қояды. Кейін
ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды алдымен сен баста», - дейді.
Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы
ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ. Оған әлі көп
жүмыс істеп, акша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан
біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің
бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек
інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да,
ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн
қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да.
7. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал
A)Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Көп ақылдының інісі бол.
B)Ақыл- дария, алсаң да таусылмайды,
Жер - қазына саусаң да таусылмайды.
C)Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
Д)Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Е)Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
8. Ағайындылар айналысатын кәсіп
А)Диқаншылықпен айналысады
В)Нан пісіріп сатады
С)Сауда ісімен айналысады
Д)Бау-бақша салады
Е)Бидай сатады
9. Ибраһимнің бидайды ағасының қабына салу себебі
A)Ағасы өзінен үлкен болғандықтан
B)Ағасының үлесі көп болғандықтан
C)Ағасының бай болғанын қалағандықтан
Д)Ағасы өтініш жасағандықтан
Е)Ағасына көмектескісі келгендіктен
10. Халил мен Ибраһимнің екеуіне де тән қасиет
А)Сақтық
В)Жанашырлық
С)Болжай білгіштік
Б)Сыншылдық
Е)Үнемшілдік
11. Халил әрекеті арқылы автор нені айтқысы келді?
A)Еңбекқор болуды
B)Жайдары болуды
С)Қанағатшыл болуды
Д)Адал болуды
Е)Жомарт болуды
12. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты
А)Мәдениеттілікті дәріптеу
В)Қайырымдылықты дәріптеу
C)Адал еңбек етуге шақыру
Д)Достықты үлгі ету
Е)Кәсіппен айналысуға шақыру
4-мәтін
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар
шаш және кекіл қою. Қазак халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше
қастерлеген. Қазақта «Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер
баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа
толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны
өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға
жасалады.
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан
балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше
назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-
баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы
балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он
үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде
балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар
қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи
деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған.
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-
сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді.
Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.
13. Мәтін бойынша баланың айдары алынатын кез
А)Сүндетке отырғызған кезде
В)Тәй-тәй басқан кезде
С)Қырқынан шығарған кезде
Д)Он жасқа толған кезде
Е) Тілі шыққан кезде
14. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімі
A)Бала болашақта ғалым болады
B)Бала дәулетті, бай адам болады
С)Тіл мен көзден сақтайды
Д)Баланың дос-жарандары көп болады
Е)Бала аурудан тез сауығып кетеді
15. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырым(-дар)
1. Айдар шашты ұл баламен катар қыз балаға да қояды.
2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.
3. Айдар қою дәстүрі баска халықта да бар.
А)Тек біріншісі
B)Біріншісі мен екіншісі
C)Екінші мен үшінші
Д)Тек үшіншісі
Е)Тек екіншісі
16. Мәтінге лайық атау
A)Бүгінгі шаш үлгісі
B)Айдар шаш
C)Тайландтық «Айдар»
Д)Қарын шаш
Е)«Айдар» есімі туралы
17. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?
A)Үйленген кезде
B)Жеті жасқа толған кезде
C)Бала сырқатынан айыққан кезде
В)Мүшел жасқа келген кезде
Е)Алғаш аңға шыққан кезде
18. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі
A)Ұлттык киім киген балалар жиі кездеседі
B)Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі
C)Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі
В)Бұрымды қыздар жиі кездеседі
Е)Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі
19. Мәтін мазмұны бойынша тірек сөздердің реттілігі
1. Қайта жанғырған дәстүр.
2. Батырлар да айдар қойған.
3. Ер балаға айдар мен кекіл қою.
4. Өзге елдердегі айдар қою дәстүрі.
A)3,1, 2, 4
B)1,3,4,2
C)1,2, 3,4
Д)3,4, 1,2
Е)4, 3, 2, 1
20. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырым(-дар)
1. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.
2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.
3. Наурызбай батырдың айдары болған.
А)Үшеуі де дұрыс
В)Біріншісі мен үшіншісі
С)Біріншісі мен екіншісі
Д)Екіншісі мен үшіншісі
Е)Үшеуі де бұрыс
5004 нұсқа
1-мәтін
Ала жіптей шұбалған жолмен қорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады.
Белестен соң белес артта қалып жатыр. Жатаған дөңес, жасыл бел қалды. Көбігін
көкке шашқан асау өзен қалды.
Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған қағілез адам - Бөрібай. Қасындағысы
- кенже ұлы Бекен. Құлағы қалқиған, сары бала. Биыл төртінші сыныпты бітіріп,
жайлаудағы нағашысына келе жатыр. Аузы аңқиып, жол қызығын баққанына екі
сағаттан асқан. Әлі жалығар емес. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай болатын
кереге тастардан да, қалың нудың мүлгіген тыныштығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден
гүлге конып, әудем жерге дейін шығарып салатын сары шымшықтың ықыласынан да
әлдебір сыр түйіп, ой аңғарғандай.
1. Жол бойы Бекенді әсерге бөлеген
A)Табиғат тамашасы
B)Жазға демалысқа шығуы
C)Машинаға алғаш мінуі
Д)Жолдың тым ұзақтығы
Е)Нағашысына барамын деген ой
2. Үзіндідегі жыл мезгілі
A)Көктем
B)Жазғытұры
C)Жаз
Д)Қыс
Е)Күз
2-мәтін
Шеге мен сабыр
1. Ерте, ерте, ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір адамдай тәрбие
Достарыңызбен бөлісу: |