Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Жаратылыстану және География институты ХНК 1 Орындаған: Айдарбекова Мөлдір, Айдайқызы Жібек, Ақылова Меруерт, Тойшыбаева Алия, Тәңірберген Мерей, Тәңірберген Алмас, Тлеугалиев Адильжан
Бұл жаттығуда 1- гидрокси - 3- фенил - 2- пропен молекуласының құрылымдық формуласын құрамыз. Молекуланы сызғанда оның байланыс ұзындықтары мен байланыс бұрыштарын жобалап сыза береміз. Молекуланың 2-D эскизін сызғаннан кейін, HYPERCHEM Model Builderді қолдана отырып, молекуланың 3-D кескінін аламыз. Бағдарлама автоматты түрде байланыс ұзындықтары мен бұрыштарын ретке келтіреді. Жұмыс соңында оған көзімізді жеткізетін боламыз. Молекуланың 2-D – эскизін құру:
Draw-ты қатарынан екі рет шертеміз.
Element Table диалог ұяшығы ашылады.
Allow ions опсиясын белгіле, ал Explicit Hydrogens опциясындағы белгіні өшіреміз. Explicit Hydrogens опциясы өшіп тұрғанда, сутек атомдары автоматты түрде жазылмайды.
Carbon-таңдап, диалог ұяшығын жабыңыз. Көміртек атомы жасырын түрде жұмысқа дайын болып, диалог ұяшығы жабылады. . Мезгегішті пайдалана отырып, төмендегідей кескінді жұмыс кеңістігіне сызыңыз:
Жұмысыңызды сақтау:
1. File мәзірінен Save таңдаңыз. Save диалог мәзірі ашылады.
2. Файлды сақтау орнын өзгертуіңізге де болады.
3. Файлыңыз HIN File түріне сақталғанын қадағалаңыз.
4. Мезгегішті File Name алаңына апарыңыз.
5. Осы алаңға L-шертпе жасаңыз.
6. Рropene деп жазыңыз. Мәтін ұяшығына файлдың - propene.hin деген
атауы шығады.
7. OK-ге L-шертпе жасаңыз.
HYPERCHEM сіздің суретіңізді аталған файлға propene.hin атауымен
сақтайды. Файлдың атауы экранның жоғарғы жақ бұрышына шығады.
Келесіде файлды сақтау үшін Save пайдалансаңыз, диалог ұяшығы
шықпайды.
Байланыс сандарын өзгерту. 1. Мезгегішті солдан санағанда үшінші байланыстың ортасына апарып, Lшертпе жасаңыз.
Бір байланыстан кос байланысқа ауысады.
2. Тағы да байланысқа L-шертпе жасаңыз.
Қос байланыс үш байланысқа ауысады.
3. Байланысқа R-шертпе жасаңыз. R-шертпе байланыс санын кемітеді.
4. Тағы да байланысқа R-шертпе жасаңыз. Қайтадан бір байланысқа ауысады.
5. Сіз құрып жатқан молекулаға бір кос байланыс керек болса, қайталап
байланыстың ортасынан L-шертпе жасаңыз.
Ароматты сақина құру
1. Сақинаның кез-келген байланысының үстінен қатарынан екі рет шерт.
Үзік сызықтар немесе ортасынан сақина шығып, ароматты көмірсутекті
білдіреді.
Атомдарды маркирлеу:
1. Display мәзірінен Labels таңда. Labels диалог ұяшығы ашылады:
2. Atoms таңдау ұяшығынан, Symbol-ға L-шертпе жасаңыз .
Symbol қасындағы түйме белгіленеді.
3. OK-ге L-шертпе жасаңыз.
Labels диалог ұяшығы өшіп, барлық атомдар С таңбасымен белгіленеді.
Жеке атомдарды өңдеу Жұмыстың басында барлық элементтер көміртек атомы болу үшін,
Default Element-тен көміртекті таңдағанбыз. Бізге берілген молекуланы
дұрыс құру үшін, оның құрамында бір оттек атомы бар. Енді оны түзету
үшін, молекуланың құрамындағы бір көміртек атомын оттек атомына
алмастыруымыз керек:
1. Мезгегішті Draw-тың үстіне қойып, қатарынан екі рет шертсек, Element
Table диалог ұяшығы ашылады.
2. Oxygen-ді таңдап, ұяшықты жабамыз.
Оттек жасырын элемент болып шығады.
3. Алифаттық тізбектің сол жағындағы көміртекке L-шертпе жаса.
Көміртек таңбасынан оттек таңбасына ауысады.
Құрылымдық формуланы сақтау:
File мәзірінен Save таңда.
HYPERCHEM файлға жаңа propene.hin құрылымдық формуласын 3-D
өлшемде сақтайды.
Зертханалық жұмысты өңдеу 1. Зертханалық жұмыстың атауын және мақсатын жазыңыз.
2. Зертханалық жұмыстың орындалу әдісін жазыңыз.
3. Зертханалық дәптерге орындалған тапсырманы өңдеп түсіріңіз.
Қорытынды: Қорытындылай келе, бұл жұмыста біз атомдар мен байланыстарды өңдеуді, молекулалардың 2 D эскизін құруды және көптеген компьютерлік бағдарламалармен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін үйрендік.