Экстернализм - бұл концепцияға қарсы, ғылымга сыртқы факторлардың әcepi мықты болатын ғылым.
Экстраполяция -белгілі бip жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу.
Эпохе-феноменологиялық редукция (қыскарту) арқылы заттардың кеңістік пен уакыттың шеңберіндегі барлық өмірдегі байланыстарын «жақшаға алу», «сөндіру» құралы.
Эмпириокритицизм - («тәжірибені сынау»), яғни махизм –негізін Авенарус пен Мах қалаған субъективтік идеалистік ағым.
Эклектика -өзара іштей қабылдайтын, кейде тіпті бір- біріне қарама-қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы объект туралы туйін жасайтын әдіс.