Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


Структурализм және постструктурализм



бет32/39
Дата27.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#110952
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Структурализм және постструктурализм - Қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы. Структурализм өзінің негізгі міндеті деп тұрақты логикалық құрылымдарды, яғни объектілердің тұрақты байланыстарын іздеуді есептейді. Структализмнің жалғасы және өзіндік сыны постструктурализм болды, ол субъектінің құрылымдарға редукциясы мүмкін емес деп тұжырымдады, бұл адамға субъект ретінде оралуды білдіреді.
Субъект және объект ( лат. subjektum - бастауыш және objektum - зат) - философиялық категориялар. Субъект ұғымы алғашқыда (Аристотель) субстанциямен деңгейлес келетін қалып пен әрекеттің қасиетін білдірді.17 ғ. бастап бұл ұғымдар гносеологиялық мазмұнда берілді. Қазіргі күнгі түсінік бойынша субъект - белсенді әрекет етуші және дүниені танушы, саналы және epiкті индивид немесе әлеуметтік топ; объект – субъектінің танымдық және басқа да әрекеттерінің бағыталу нысанасы.
Сублимация – психологияда аффектілік құмарлықтарды әлеуметтік кызметтің және мәдени шығармашылығының мақсаттарын қайта өзгертетін және аударатын психикалық процесс.
Схоластика – (грек, scholasticos - мектептік) - христиандық діни сенімді рационалды тұрғыдан негіздеп және жүйелеуге бетбұрыс жасаған схоластардың ортағасырлық «мектептік философиясы». Ол үшін олар антикалық философияны (Платон және әcipece, Аристотель) пайдаланды. Схоластардың философиясы білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар (лат. Unuversalia - жалпылық), яғни жалпылық ұғымының табиғаты жайлы айтыс деп атайды. Схоластика тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінді: Алғашқы кезеңіне (9-13 ғғ.) неоплатонизм тән, өкілдері: Эриуген, Ансельм Кентерберийский, Ибн-Рушд, Ибн-Сина, Маймонид; Классикалық кезеңде (14-15 ғғ.) «христиандық аристотелизм» устемдік eттi, өкілдері: ¥лы Альберт, Ф.Аквинский; Соңғы кезең (15-16 ғғ.) католиктік (Ф.Суарес) және протестанттық (Ф.Меланхтон) діни ілімдердің арасындағы талас-пікір ушыға келе, католиктік шіркеудің Реформацияға қарсы күресін туғызды. Кейінгі ғасырларда схоластиканың ықпалы төмендейді, Жаңа замандағы жаңа идеялар (Декарт, Гоббс, Локк, Кат, Гегель) оны мүлдем жоққа шығарады. Бірақ 19 ғасырда схоластика қайтадан жанданады, католиктік (томизм, платондық-августиандык, францийстік) және протестанттық (неміс филологы Ф.Меланхтонның ілімін қайта жаңғыртушылар) философиялық түрлі мектептер бipiгe бастайды.
Сциентизм – (лат. scientia және ағылш. science - білім, ғылым) - коғам өмipi мен мәдениет жүйесінде ғылымның ролін абсолюттендіре қарастыратын концепция. Сциентизм негізінен жаратылыстану және нақты ғылымдарды ғана мойындайды.
Суфузим – исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бipi. Бұл жол рухты бөгде кepi әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта бiлyдi үйретеді.
Субстрат – (лат. sub-түпкі және tum-құрылыс) - бірліктің, тұтастықтың негізі, әртурлі заттардың және жеке бip зат касиеттерінің, нәрселер мен олардың жиынтығының түпкі біртектілігі (субстанция).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет