Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



бет35/39
Дата27.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#110952
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Трансценденттік - схолостикалық философияда туындаған термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; діни және метафизикалық таным пәні.
Трансценденттік апперцепция - зат,нысан туралы түсінігі қалыптастыра алатын ойлау кабілеті бар субъектінің бірлігі.
Техника философиясы - Қазіргі замандағы техника феноменің философиялық-методологиялық және көзқарастың зерттеу бағыты. Техника философиясы техникалық білімнің құрылымы мен динамикасын сараптау, техникалық ғылымдардың методологиясы проблемаларын, сонымен қатар, адамның шындықты техникалық игеруінің гносеологиялық және антропологиялық аспектілерін зерттейді. Қазіргі уақытта техника философиялық контексте кешенді, күрделі, көп аспектілі, қайшылықты құбылыс және адамзат өркениеті дамуының факторы ретінде қарастырылады.
Технологиялық детерменизм - коғамдық-экономикалық құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор-өндірістің техникалық және технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын метологиялық ұстаным.
Технофобия - (грек, techne -техника, fobia - қорқыныш) - техникалык ic- әрекеттер мен объектілердің жаттанған дүниесін адамның өз болмысына қауіп төндіретін құбылыс ретінде қабылдауын бейнелейтін ұғым. Тағы бip анықтамасы, техникалық прогресті тepic қабылдау, техникаға үміт артудан гөрі оның әкелер қауіп-қатерінен үрку, техниканы адамның жауы деп санау.
Технофобия идеологиясы адамзатты жөн-жосықсыз тұтынушылық жолында техниканың құлы болып, соның бip тетігіне айналып кетуден сақтандырудан туындайды. Технофобия адамныц жеке басыныц тулгальщ ерекшелктерш техника жоққа шығарады деп үрейлендіреді. М.Голдман, Дж. Форестер, Д.Медоуз өздерінің технофобиялық концепцияларында экологиялық кризис себептерін ғылыми-техникалық революциядан табады. Олар технологиялардың дамуын осы қазіргі деңгейден ары асырмау керек, тек сонда ғана әлемде табиғат пен техника арасындағы тепе-теңдікті («глобальды тепе-теңдікті») қалыптастыруға болады деп түсіндіреді.
Түйсік - сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстың жеке сапаларының, қасиеттерінің, жақтарының мида бейнеленуі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет