27
Ме со по та мия да Ва ви лон ның қор ғау шы сы
Мар дук
ерек ше орын ға ие
бол ды.
Мо но те изм қа лып та са ке ле түр лі дін дер де көп те ген құ дай лар ара-
сы нан бас ты құ ді рет ті құ дай ды бө ліп қа рас ты ра ды. Мы са лы, ин ду изм
ді нін де
Виш ну, Ши ва
си яқ ты құ дай лар т.б.
Дін – ру ха ни мә де ни ет фе но ме ні.
Жал пы дін адам зат та ри хын да
жа ңа дү ниета ным, се нім, мо раль дық құн ды лық тар дың шы ғу те гі бо-
лып са на ла ды. Діннің дүниетанымдық, мәдени-өркениеттік және
гуманис
тік мәні ерекше. Діни наным-сенімдер бірте-бірте өнердің,
мәдениеттің, ғылымның дамуына әкелді. Ғылымдардан математика,
геометрия, астрономия, медицина өркендеді. Математиканың негізгі
қолдану саласы астрономия, дәлірек айтқанда, күнтізбеге байланысты
есептеулер еді. Күнтізбе діни мерекелердің күндерін анықтау және
Ніл өзенінің жыл сайынғы су тасқынын болжау үшін пайдаланылды.
Алайда Ежелгі Египеттегі астрономияның даму деңгейі оның Вавилон-
дағы даму деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Ғасырлар бойы медицина
мен дін бір-бірімен тығыз байланысты болды. Көптеген діни қызмет-
тер мен дәстүрлер адамдарға қамқорлық ретінде ұсынылған. Мысалы,
оларда негізгі қағидалардың бірі тазалық пен гигиена ережелері болып
табылады және т.б.
Дін осылайша халықтың, қоғамның игілігіне қызмет етеді. Алайда
дінді өзінің жеке мүддесіне пайдаланушылар немесе діни сауаты төмен
фанаттардың көзсіз табынушылығы әлемдік мәселеге айналып бара жа-
тыр. Сондықтан діннің рөлі туралы мәліметтерді өз деңгейінде меңгер-
ген жөн. Кейінгі тақырыптарда әрбір діннің адамзатқа рухани пайдасы
туралы білетін боласыңдар.
1. Дінтану нені зерттейді?
2. Біртәңірлік дін деген не?
3. Политеизм нені білдіреді?
1. Дінтану ғылымы қалай қалыптасты?
2. Не себепті адамдар құ дай ға құр бан дық ша лады?
Дін мен өнер қазіргі кезде байланыста ма? «Ресми дебат» тәсі-
лімен дебат ұйымдастырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: