7
болып жатқан жаңалықтар мен құбылыстарды мұғалімдеріңмен бірге
талқылап, талдап, сараптап отырсаңдар, зайырлы, демократиялы
Қазақстанның белсенді азаматы болып қалыптасасыңдар.
Біздің мемлекетіміздің зайырлылық си паты –
оның негізгі ерекше
белгілерінің бірі. Сондықтан осы оқулықта зайырлылық ұғымына
толықтай түсінік беріледі.
Зайырлылық ұ станымы – әрбір адам ның ар-ұж да ны, мо раль дық
бол мы сы ның ер кін ді гі не мүм кін дік бе ре тін, мем ле кет аза мат та ры ның
ара сын да ғы қа рым-қа ты нас ты тек құ қық тық
не гіз де ше шу ді қам та-
ма сыз ете тін мемлекеттік бас қа ру жүйесі нің ең бас ты те ті гі. Алайда
зайырлылық дегеніміз – дінсіздік емес, олай болса, дін дегеніміз не? Осы
екі ұғым оқулықта барынша жан-жақты қарастырылады.
Оқу лық тағы «Дін та ну әліп пе сі» деп ата ла тын ай дар да ді ни тер мин дер
мен ұғымдарға тү сі нік бе ріл ді, ал «Аңыз-ше жі ре» айда рын да
та рих та бол ған
елеу лі оқи ға лар ға бай ла ныс ты айтылып жүр ген қы зық ты аңыз дар дың кей-
бі рін ұсы нып отыр мыз. Сон дай-ақ оқу лықтың со ңын да ді ни тер мин дер дің
қыс қа ша сөз ді гі бе ріл ген. Мұн да оқу лық та кез де се тін, сондай-ақ ұсы ныл ған
әде биет тер де кез де суі мүм кін де ген тер мин дер ұсынылды. Осы оқу лық тан
ал ған мә лі мет те рің сен дер дің ру ха ни
бі лім де рің ді байы тып, ді ни танымдық
тү сі нік те рің ді дұ рыс қа лып тас ты ру ға септігін ти гі зе тін болады.
Әрбір параграфтан кейін «Білу», «Түсіну», «Қолдану», «Талдау»,
«Жинақтау», «Бағалау» тапсырмалар тобын жеке, жұппен және топпен
орындау барысында жаңа тақырыпты жеңілірек меңгересіңдер.
«Білу» қадамының тапсырмалары «Кім?», «Не?», «Қашан?» «Қайда?»,
«Қалай» және т.с.с. басқа да ақпаратты іріктеуге арналған сұрақтар
арқылы қарастырылған.
«Түсіну» қадамының тапсырмалар шартында жоғарыда іріктелген
ақпараттың себеп-салдарын анықтауға бағытталған «Неге?», «Не үшін?»,
«Оның себебі неде?», «Түсіндір, дәлелде» дегендей сұрақтар мен сөз тір-
кестері қамтылған.
«Талдауда» – «Тақырыптың басты идеясы неде?», «Салыстырылатын
ұғымдардың ұқсастығы мен ерекшеліктері қандай?», «Ұғымдарды «Венн
диаграммасы» арқылы талдап көрсет»;
«Жинақтауда» – «Қорытынды шығар», «Анықтама бер», «Жүйеле»,
«Кестені толтыр», «Менталды кластерді толтыр», «Тірек-сызба құр» және
т.б. сол сияқты тапсырмалар;
«Бағалау» тапсырмалары алған білім мен біліктіліктеріңді күн-
делікті өмірдегі проблемалық жағдайларда шешуге арналған. Олар: «Не
білдім?», «Нені үйрендім?», «Сабақта алған білім мен дағдыларды өмір-
дегі қандай жағдайларда қолдануға болады?».
Әрбір тақырыптағы сұрақтарға жауап іздей отырып, дінтанушылық
білімдерің артып, азаматтық көзқарастарың қалыптасады.
Нәтижесінде,
8
тапсырмаларды біртіндеп орындау барысында сендер зерттеушілік
жұмыс жүргізіп, тақырыпты толық меңгеретін боласыңдар.
Расынды, дін – сүйіспеншілік пен ізгілік, түрлі адами құндылықтар,
жақсы адам болу үшін өзін қалай ұстау керектігі туралы ілім. Алайда
кез келген дінге фанат болып,
соқыр сеніммен қарап, табыну дұрыс емес.
Өйткені қазіргі кезде дінді желеу етіп, көздеген теріс мақсаттарын орын-
дауға ұмтылатындар баршылық. Олар көп жағдайда өзінің де, өзгелердің
де өмір леріне қауіп туғызады. Осы пән сендердің дінтанушылық қабілет-
теріңді дамытады. Барлық
жайтқа сыни тұрғыдан қарап, алған білімде-
ріңмен салыстырғандарың, яғни діни сауатты болғандарың абзал. Біреу-
ге қиянат жасайтын немесе мәжбүрлейтін ұйымнан не адамнан аулақ
болғандарың жөн.
Пәнді оқу барысында негізгі діни ұғымдарды,
зайырлылық пен дін
арақатынасын, діндер тарихы мен сенім ерекшеліктерін, жалған діни
ағымдардың белгілерін, экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерін, қа-
зақ халқының сан ғасырлық мұсылмандық таным-түсінігін, Қазақстан
Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын,
Республикадағы діни ұйымдар, мемлекет және мәдениет арасындағы
өзара қатынасын толық меңгересіңдер.
Осы са бақ ты
Достарыңызбен бөлісу: