Жоспар: І. Кіріспе М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы.
ІІ. Негізгі бөлім 1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс – тәсілдері.
2. Монтессори методикасы.
3. Монтессори тобындағы шеңбер.
ІІІ. Қорытынды. І. Кіріспе.
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы. М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес , дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын өздері таңдай отырып, балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған. Кезкелген ата – ана баласы үшін өмір сүреді. Халқымыз «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» - деп бекер айтпаса керек. Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ойлап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен. Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт –бағдар беріп отыруы керек. Монтессори педагогикасы кабинеті бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл аймақтар баланың жан –жақты дамуына жағдай жасайтын «дайындалған орта» болып есептеледі. 3 және 6 жас аралығындағы балалардың өзін –өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, математика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру. Қазіргі таңда Қарақия ауданы Құрық ауылындағы МКҚК «Айгөлек» балабақшасы М.Монтессори технологиясы бойынша жұмыс жасауда. Орталық Еуразия Қорының қолдауымен және ТОО «Ерсай» компаниясының қаржылай комегімен 2 тәрбиеші болып өз біліктіліктерімізді көтеру мақсатында Алматы қаласын дағы «Монтессори класс» оқыту орталығына барып оқып келдік. Ж.Джумагазиева мен өзім осы технология бойынша жұмыс жасаудамын.