Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық


Қазақ хандығы қашан құрылды? Естеріңе түсіріңдер



Pdf көрінісі
бет111/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   194
Байланысты:
Зайырлылык жане динтану 9 каз УЧЕБНИК

Қазақ хандығы қашан құрылды? Естеріңе түсіріңдер.
Қа зақ хан ды ғы тұ сын да ғы зай ыр лы лық бас тау ла ры.
Ал тын Ор да 
ыдырап, ор ны на же ке хан дық тар пай да бол ды. Со ның бі рі – Қа зақ хан ды ғы. 
Қазақ хандығы құрылуында Иасауи ілімі мен діни танымын мұрат 
еткен ойшыл даналар мен ақын, жыраулар маңызды рөл атқарды. Әсіре-
се Иасауи философиясындағы төрт шарт: «заман – уақыт; мекен – отан; 
ихуан – бауырластық; рабти султан – мемлекетке адалдық» басты тұғыр 
болғанға ұқсайды. Бұл да әл-Фарабидің «Қайырымды ел тұрғындарының 
көзқарастарының төркіні» деген еңбектегі мемлекет теориясы мен фило-
софиясы ұстанымдарымен үндесіп жатыр.
Бір дастарқан басында отырғанның дініне емес, оның адам екенді-
гіне көңіл бөлу зайырлылық бастауларына жатады. Дегенмен қазақ хан-
дығында басқа да діни ағымдардың ықпалды болған кезеңдері болған. 
Сондай бір кезеңде «Жеті жарғы» заңдар жинағы қабылданған. Осы құ-


132
жаттың кейбір нұсқаларында өз ішінде басқа дінге өткендерді қоғамнан, 
елден аластау баптары бар. Бұл әрине бірлік-тұтастық тұрғысынан шарт 
болған сияқты. Қазақ хандығында ислам діні мемлекеттік тұрғыдан 
қолдау тапты. Діни мектептер мен қағидаларды нұсқаушы қожалардың 
құқықтық дәрежесі төрелермен теңестірілген. 
«Жеті жарғы» заңдар жүйесінде қожалардың әлеуметтік дәрежесін 
ерекшелеу ислам дінінің жоғары әлеуметтік деңгейін көрсетеді. Бірақ 
қазақ хандығында дінбасылар ешқашан мемлекет басшысы болмаған. 
Демек, қазақ хандығы тұсындағы зайырлылық бастауларының болған-
дығын көрсетеді. Бірақ хан кеңесінде билер, сонымен қатар дінбасылар 
қатар отырды, пікірлерін білдірді. Хан екі жақты пікірді негізге ала 
отырып, шешім қабылдаушы рөлін атқарды. Алайда хан-төрелер ешқа-
шан қожа-молдалар ісіне араласпаған. Бұл сол кездегі билік пен дін қа-
тынасының өзіндік зайырлылық ұстанымдарының болғандығын біл-
діреді. Қазақ хандығында билер институты ықпалды болды. Ол әрине 
дәстүрдің басымдылық тәртіпті орнатқандығына нұсқаса керек. 
1. Ишандар қандай қызмет атқарды?
2. Қандай жыраулар ислам дінін қолдады?
3. Қазақ хандығында дінбасылар немен айналысты?
1. Не себепті қазақ даласындағы ишандар мен қожалардың бе-
де лі жоғары болды?
2. Неліктен жыраулардың есімі құрметпен аталады? Жұптық 
жұ мыс. «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі арқылы жұбыңмен жы-
рау лар дың шығармаларынан дәлелді үзінді келтіре отырып, 
сөй лем дер ді жалғастырып, тұжырымды ойларыңды жазыңдар.
«Жеті жарғы» заңдар кодексін қабылдануы исламды қоғам-
дық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда айтарлықтай үлкен 
қа 
дам болды деп неге айтамыз? Сұраққа жауап ретінде сыни 
хабар лама жазыңдар.
Сыни хабарлама жазу – ой қозғай отырып, естіген, білгенін 
тал дап, салыстырып, реттеп, жүйелеп, дәлелдеп, тұжырым жа-
сап, шешім қабылдау.
Кіріспе бөлім. Жарғыдан алған әсерін жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет