57
№6(14) желтоқсан 2015
РЕЦЕПТ
Өз күшіне сенімсіздікпен қарайтындар басқа-
ларға қарағанда күйзеліске тез бой алдырады.
Сондықтан да бұл сырқатқа бейім тұратындар өз
сенімділігін арттыруды үйренгені дұрыс. Төменде
көрсетілген сабақтар күйзеліспен күрестің әдісі
емес, дегенмен де өзін еркін ұстауға, көңіл күйді
жақсартуға септігін тигізеді, ұнжырғасы түспеуге
көмектеседі.
Шығармашылықпен айналысыңыз. Қандай-
да бір іспен шұғылдану пайдалы: сурет салу, тігіс
тігу, аспаздық, музыкалық аспаптарда ойнау, гүл-
дерден комбинация құру, өлең шығару, әңгіме жазу.
Ең маңыздысы осы іспен шұғылданғанда күнделікті
мазалаған ойлардан арылып, қиял мен сезімге ерік
бересіз.
Белсенді түрде дене шынықтырыңыз. Спортпен
шұғылдану адам ағзасында эндорфиндерді «бақыт
гормонын» бөліп шығарады. Бұл заттар бездердің
жұмыс істеуін жақсартып, көңіл күйді көтереді. Со-
нымен қоса дене шынықтыру адамның өзіне деген
сенімділігін арттырады.
Жиі серуендеңіз. Тәуліктің бірінші жартысын-
дағы серуен күйзелістің көріністерін азайтатыны
дәлелденген. Серуен құрып жүріп ләззат алуға тыры-
сыңыз – айналаға зер салыңыз, шыққан үндерге құлақ
түріңіз, жұпар иісті жұтыңыз. Алғашқы кезде серуен
құру әбестеу көрінер, алайда уақыт өте келе, алған
әсерлер бойыңызға қуаныш сыйлайтын болады.
Ақпарат көздерін мұқият таңдаңыз. Егер түрлі
авариялар мен апаттар, суыт оқиғалар туралы айта-
тын теледидар хабарларын жиі көріп, газеттер мен
интернет басылымдарды жиі оқитын болсаңыз, со-
ның әсерінен көңіл күйіңіздің түсіп кетуі мүмкін.
Мұндай ақпараттарды жариялау адамдардың ойын
басқа жаққа бұрудың жеңіл жолы, оны көптеген БАҚ
қолданады. Жағымсыз жаңалықтар оқырмандар на-
зарын аударғанымен, олардың бойында алаңда-
тушылық туғызып, күйзелістерін күшейтіп жіберуі
мүмкін. Мұндай әдістері қолданбайтын басылымдар-
ды таңдаған жөн.
Жиі жымиыңыз. Қуаныш сезімі шаттық күлкі
туғызады. Алайда оның күнгей тұсы да бар. Тәжірибе
жүзінде анықталғандай біз күлгенде ағзамыз хими-
ялық зат бөліп шығарады, сол арқылы бойды қуаныш
сезімі бөлейді. Шаттанып күлу үшін күлкілі фильм-
дерді көріп, қызықты кітаптарды оқыңыз және жиі
әзілдеңіз.
Жиі жүздесіңіз. Өз ойларыңызбен бөлісе алатын
әңгімелесушіні табыңыз. Кейде өзіңді өзің түсініп,
күйзеліспен күресу үшін сізді тыңдай алатын, ісіңізді
сынап, баға бермейтін адаммен әңгімелескен дұрыс.
psysolo.ru
ӨЗ БЕТІМЕН КҮЙЗЕЛІСПЕН КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ
LIFE MONEY
Денсаулық
58
№6(14) желтоқсан 2015
FUN MONEY
Оғаш оқиғалар
Тесік бюджетке тесік рубль
Үнем үшін тесік темір ақшаларды шығаруды және бақырлардан
бас тартуды Мемлекеттік Дума төрағасының конституциялық заң-
дылық және мемлекеттік құрылыс жөніндегі орынбасары Вадим
Соловьев Орталық банкке ұсынды. «1, 2, 5, 10 номиналды рубль-
дерді тесігі бар етіп шығаруды қарастыруыңызды сұраймын. Сон-
дай-ақ бақыр тиындарды шығаруға кеткен қаржы оларды пайда-
лану тиімділігіне сәйкес келетіндігін және номиналы 1 рубльден
төмен темір ақшаларды шығаруды тоқтатуды қарастыруыңызды
сұраймын», - деді депутат ОБ-ке жолдаған хатында. Соловьевтің
пікірінше темір ақшадағы тесіктер металды үнемдеуге септігін ти-
гізеді, ақшаны адамдар қолына ұстаған соң айыра алатын болады.
Депутат халықаралық тәжірибеге арқа сүйеді, мұндай тесік ақша-
ның Дания мен Норвегияда шығарылатынын атап өткен.
Орталық банк халық қалаулысының бастамасына жауап бере
келе, тесігі бар ақшаларды шығару әлемде сирек кездесетіндігін
және көлемі бірдей, алайда номиналы басқа ақшаларды айыру
үшін қолданылатынын атап өтті. «Ресей Банкісінің темір ақшала-
рының көлемі мен түр-түстері бөлек, олардың номиналдарын ай-
ыру қиын емес. Темір ақшаларды тесу оларды шығаруға кеткен
шығынға бәлендей әсері жоқ», - деп жауап қайтарды ОБ баспасөз
қызметі.
Мұрттың
пайдасы бар
Американдық денсаулық сақтау
жүйесіне дәрігер болып жұмысқа
тұрғыңыз келсе, ол үшін мұрты бар
ер адам болғаныңыз дұрыс болар
еді. Сан-Францискодағы Калифор-
ния университетінің ғалымдары
осындай тосын қортындыға келді.
Дәрігер болып жұмыс істеу көпте-
ген американдықтардың арманы,
себебі бұл мамандық адамды қо-
мақты жалақыға және керемет әле-
уметтік пакетке кенелтеді. Амери-
кандық дәрігерлер елдегі ауқатты
адамдардың қатарында, бұның се-
бебі Америкада медицина ақылы.
Зерттеушілер белді дәрігер болуы
үшін мұрты бар ер адам болуы ке-
рек екендігін анықтады. Амери-
кадағы медицина мектептерінің
алымдарының 13 пайызы ғана әй-
елдер екен. Ал мұртты ер адамда-
рының үлесі 20 пайызды құрайды.
Қалың мұрт иелері психиатр, па-
талогия және анестезия бөлімше-
лерінің басшылары болып шықты.
Зерттеу авторларының айтуын-
ша жұмыс берушілер мұрты бар
адамдар жауапты, есейген, беделді
және өзіне сенімді деген пікірде бо-
лады деп санайды екен.
Тікелей эфирдегі тонау
Тілші тікелей эфирде бұған дейін болған банктің тоналуы тура-
лы репортаж жүргізіп жатқан сәтте американдық банкті тонады.
Бұл туралы KIMT News 3 телеарнасы хабарлады, оның репортері
Минисота штатындағы оқиға орнында болған. Тілші Адам Саллет
14 желтоқсанда болған тонау туралы айтып жатқан еді. Осы сәт-
те ғимараттың несие беру мекемесінен қызметкер жүгіріп шығып,
қылмыскер тағы да тонау жасағанын айтады. «Бұл тікелей эфир,
достар! Банк қызметкерінің айтуы бойынша тонаушы жаңа ғана
осы жерден жүгіріп өткен. Мен 911 қызметіне телефон шалуым
керек», - деді Саллет камераға қарап. Тонаушы 36 жастағы банк
қызметкері Райан Лискоу болып шықты. Анықталғандай ол тонау
кезінде қаржы мекемесінің қызметкерлеріне сол бұрынғы жазған
жазбасын ұсынған екен.
59
№6(14) желтоқсан 2015
FUN MONEY
Оғаш оқиғалар
Lenta.ru , БЕЛТА, Madikforum, ABC материалдарынан
АҚШ-та бұрынғы банкир дәрі-дәр-
мек шығарушылардың үстінен сотқа
арыз беріпті, талап арыз жазушының
пікірінше оны ішкеннен кейін оның
бойында құмар ойынға деген құмар-
ту артып кеткен көрінеді. 2002-2007
жылдар ішінде Рэндолф Сайменс Пар-
кинсон сырқатынан айығу үшін емдік
дәрі қабылдаған. Ол дәріні қабыл-
дағанға дейін тиіп-қашып құмар ойын
ойнайтынын мәлімдеген, ал дәріні іше
бастағаннан кейін казино мен ойын
сайттарында түнімен отыратын болған,
нәтижесінде 3 млн. доллар ұтылып қа-
лыпты. Кейінірек бір ғылыми мақала-
дан аталған дәрі адамның іс-әрекетіне
кері әсер етіп, соның ішінде құмар ой-
нына деген құмаршылықты қоздыра-
тынын оқып біліпті. Дәріні қабылда-
удан бас тартқан бес аптаның ішінде
құмар ойынға құмартушылығы сырқа-
тынан айыққан екен.
Медицина әзірге Паркинсон сы-
рқатымен немесе дірілдеу мешелімен
күресу жолдарын білмейді. Дәрі-дәр-
мектер Паркинсон сырқатына шал-
дыққандарды емдей алмайды, тек ау-
рудың көріністерін ғана жеңілдетеді.
Бұл дәрілердің кейбіреуі оғаш әсер етуі
мүмкін. Сайменс өзінің талап арызын-
да фармацевтика компаниясы мен аме-
рикандық дәріні таратушыларды дәріні
сынақтан өткізбегендігі, салғырттығы
және дәрі туралы толық ақпарат берме-
гендігі үшін кінәлаған.
Залалдың құны 3
млн доллар
Аустралиялық Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының шенеуніктері кез-
дейсоқ керемет олжаға кенелді. Кабинетте бір ғасырдан аса уақыт
бойы тұрған ескі қораптың ішінен олар 10,7 келілік саф алтын кесе-
гін тауып алды. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшілер қорап-
ты кабинеттерінде крикет ойыны үшін қақпа ретінде пайдаланып
келіпті, күндердің күнінде қазына кездейсоқ қорап ішінен түсіп қа-
лыпты. Жүргізілген тергеу амалдарының нәтижесінде, бұған дейін
әлемде табылған таза тастардың ішіндегі ең бағалы қазба кесегі бо-
лып саналған алтын 1887 жылы Жаңа Оңтүстік Уэльстегі шахталар
департаменті сатып алған көрінеді. Бұдан кейін штаттың қазына-
шылық өкілдерінің бірі салмақты алтынды қорапқа салып қоюға
шешім жасайды. Бұл туралы ол ешкімге тіс жармайды. Нәтижесінде
саф алтын туралы бәрі ұмытып кетеді, жүз жылдан аса уақыт бойы
штат үкіметінің кеңсесінде жатып қалады, оны ешкім байқамаған.
Ұрлап алдың, ішіп-жеп қойдың, түрмеге қамалдың. Минскідегі
таныс қызының үйінен 24 млн. беларусь рублін (1,3 мың доллар)
ұрлап, сол ақшаға қызы үшін романтикалық кеш ұйымдасты-
рған жас жігіт осы классикалық жолды өмірде жүзеге асырды. Ірі
көлемдегі ақшаның жоғалғаны туралы қыздың анасы милицияға
арызданды. Әйел біршама уақыт бұрын 20 жасар қызының ин-
тернет арқылы Слуцк қаласындағы 28 жасар жігітпен танысып,
оны қызы үйіне қонаққа шақырғанын айтқан. Қонаққа келген
жігітті қыз шамалы уақыт үйде жалғыз қалдырады, қайтып кел-
ген соң жігіт қызды қымбат мейрамханаға қонаққа шақырады.
Ақшаның жоғалғаны келесі күні анықталады. Ірі көлемдегі ақша
туысқан әйелдікі екен, ол ауруханаға жатар алдына сақтай тұруға
қалдырыпты. Ғашық жігітті қылмыстық іздестіру қызметкерлері
Слуцк қаласында қолға түсіреді. Ол бұған дейін алаяқтық, тонау
жән ұрлық жасағаны үшін сотталып, 2015 жылдың шілдесінде
түрмеден босап шыққан көрінеді. Ұрлық бойынша қылмыстық іс
қозғалған.
Үлкен жолдың романтигі
Таң қаларлық
ұмытшақтық
Достарыңызбен бөлісу: |