№
|
«Гигиеналық бұлауды(ваннаны) жүргізу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.
|
|
|
Әзірлеу: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, клеенка алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі
|
|
|
Пациентке алда болатын емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
Клеенка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толтырыңыз, судың температурасы 350-370С болуы керек.
|
|
|
Пациенттің шешінуіне көмектесіңіз.
|
|
|
Пациентті артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өскініне дейін жетіп тұруы керек.
|
|
|
Егер пациент өз бетінше бұлауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.
|
|
|
Пациенттің иығын сүлгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).
|
|
|
Пациентті тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.
|
|
|
Пациенттің қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.
|
|
|
Пацикетке шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.
|
|
|
Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.
|
|
|
Қолданылған күтім заттарын, шомылғыны зарарсыздандырыңыз.
|
|
|
Қолғаптарды шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|