Дағды: Пациенттің ылғалды сүрту техникасы.
№
|
«Пациенттің ылғалды сүрту техникасы тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: пациенттің жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің ауыр халі, қатаң төсек тәртіб кезінде.
|
|
|
Әзірле: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-370С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.
|
|
|
Пациентке емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Пациенттің астына клеенканы төсеңіз.
|
|
|
Шылапшынға жылы су құйыңыз.
|
|
|
Пациенттің денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.
|
|
|
Салфетканы , сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.
|
|
|
Пациенттің терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.
|
|
|
Пациенттің денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.
|
|
|
Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.
|
|
|
Қолдың тырнақтарын алыңыз.
|
|
|
Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).
|
|
|
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
Дағды: Халі ауыр пациенттің аяғын төсегінде техникасы.
№
|
«Халі ауыр пациенттің аяғын төсегінде техникасы тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: пациенттің жеке бас тазалығын сақтау.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің халі ауыр жағдайы.
|
|
|
Әзірле: клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.
|
|
|
Пациентпен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасын орнатыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғаптарды киіңіз.
|
|
|
Матрацтың аяқ жағын пациенттің беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.
|
|
|
Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, пациенттің бөкселері валиктің үстінде болуы керек.
|
|
|
Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.
|
|
|
Көрпесін қайырып тастап, пациенттің аяқтарын шылапшынға түсіріңіз.
|
|
|
Пациенттің аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.
|
|
|
Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.
|
|
|
Тырнақтарын алып тастаңыз.
|
|
|
Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.
|
|
|
Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
|
Пациентті көрпесімен жауып қойыңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
Дағды: Халі ауыр пациенттің қолындағы тырнақты қиып алу техникасы.
№
|
«Халі ауыр пациенттің қолындағы тырнақты қиып алу техникасы тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің жеке бас тазалығын сақтау.
|
|
|
Әзірле: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
|
|
|
Пациентке алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.
|
|
|
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты пациенттің алдына қойыңыз.
|
|
|
Пациенттің қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Пациенттің қолын сабынмен жуыңыз.
|
|
|
Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.
|
|
|
Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.
|
|
|
Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.
|
|
|
Пациенттің қолына кремді жағыңыз.
|
|
|
Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.
|
|
|
Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.
|
|
Дағды: Халі ауыр пациенттің аяғындағы тырнақты қиып алу техникасы.
№
|
«Халі ауыр пациенттің аяғындағы тырнақты қиып алу техникасы тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің жеке бас тазалығын сақтау.
|
|
|
Әзірле: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
|
|
|
Пациентке алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз киіңіз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Пациентті отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.
|
|
|
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға пациенттің аяқ басын салыңыз.
|
|
|
Пациенттің аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.
|
|
|
Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.
|
|
|
Пациенттіңаяқ басына және табанына крем жағыңыз.
|
|
|
Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз
|
|
|
Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.
|
|
Дағды: «Пациентті қырындыру».
№
|
«Пациентті қырындыру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.
|
|
|
Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Пациенткек Фаулер қалпын беріңіз.
|
|
|
Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны пациенттің бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.
|
|
|
Пациенттің бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.
|
|
|
Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.
|
|
|
Пациенттің бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.
|
|
|
Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.
|
|
|
Қолыңызды жуып, кептіріңіз
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |