№
|
«Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті ҚӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t4-60С сақтайды;антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.
|
|
3
|
Дайынданыз: көректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілгекті, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
4
|
Пациентке емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.
|
|
5
|
Қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
6
|
Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
|
|
7
|
Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.
|
|
8
|
Пациентті горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.
|
|
9
|
Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.
|
|
10
|
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.
|
|
11
|
Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.
|
|
12
|
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректіортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.
|
|
13
|
Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.
Биксті «кілтке» жабыңыз.
|
|
|
Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
14
|
Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.
|
|