№
|
«Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектерге)» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Максаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.
|
|
3
|
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
4
|
Пациентке зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.
|
|
5
|
Қағаз сүлгіні төсеңіз, оның үстіне қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрге арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.
|
|
6
|
Пациенттен дәрет алу бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
|
|
7
|
Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
|
|
8
|
Жыныс мүшесін ұстаңыз, жыныс мүшесінің басын босатыңыз және оны сабындап сумен жуыңыз.
|
|
9
|
Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.
|
|
10
|
Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
|
|
11
|
Зәрді жинауға арналған ыдысты алыңыз, қақпақтың ішкі бетіне тигізбей ыдыстың қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.
|
|
12
|
Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдын тесігіне ұстаңыз.
|
|
13
|
Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.
|
|
14
|
Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда тоқтатыңыз.
|
|
15
|
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
|
|
16
|
Ыдысты қағаз сүлгісіне қойыңыз.
|
|
17
|
Киініңіз.
|
|
18
|
3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.
|
|
19
|
Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
|
|