Имам Ағзам және бал Бір бала балды көп жей береді екен. Балаға бұл әдетін
қойдыра алмаған әке-шешесі жағдайды айтып, баланы Имам
Ағзам Әбу Ханифаға ертіп әкеліпті.
Имам баланы өзіне қырық күннен кейін әкелуді тапсы-
рады. Айтылған қырық күн өткенде, имам бар болғаны балаға
«Балды енді көп жеме, жарай ма?» деп ескертеді. Бір қызығы,
бала содан бастап бал жеуін сап тыйыпты.
Кейіннен баланың ата-анасы:
− Не себепті кеңесіңізді қырық күннен кейін бердіңіз? – деп
таңырқағанда, имам:
− Баланы әкелген күні өзім бал жеген едім. Егер өзім
жасаған істі басқаға жасама десем, насихатымның әсері болмас
еді. Балдың әсері ағзамнан толық кеткенше қырық күн күтуіме
тура келді. Содан кейін ғана оған насихат айтуды жөн көрдім, –
деп түсіндірген екен.