60
Исламдағы бала тәрбиесі
жастағы балалардың сұрақ-жауаптарымен басталады
десек, артық айтқандық емес.
Үш жастағы балаңызға түнде жатарда немесе
күндіздері ертегі, әңгіме айтуды әдетке айналдырыңыз.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
, сахабалар
мен ғұлама-әулие кісілердің өмірлерінен ғибратты
оқиғаларды әңгімелеп беріңіз. Себебі, 3 жасынан бастап
бала әңгімедегі тұлғаларға қызығып, соларға ұқсауға
тырысады. Әсіресе ұйықтар алдында қызықты етіп
діни әңгіме айтсаңыз, жан дүниесіне әсер етіп, бойына
Аллаһқа, пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің алғашқы
дәндерін себесіз. Ұйқыға дайындық − бала тәрбиесі
тұрғысынан ата-анаға берілген тамаша мүмкіндік. Осы
сәтті тиімді пайдаланған жөн. Діни әңгіме айтып болған
соң, оған дұға жасауды үйрету керек. Бірге отырып
дұға жасасаңыз да болады. Бұл балаңыздың көңіліне
қуаныш ұялатумен қатар, санасында иманға қатысты
түсініктердің қалыптасуына жол ашады. Мысалы:
«Раббым, мені, анамды, әкемді, бауырларымды және
барлық мұсылмандарды түрлі апаттардан сақта. Мен
жақсы ұл (қыз) болып өсейін. Менің айтқандарымды
сен үнемі естисің. Бізге жақсылық бере гөр!» деген
сияқты қарапайым дұғаларды үйретуге болады. Сонда
уақыт өте келе дұға жасау баланың әдетіне айналады.
Үш жастан асқан балаға осы жасқа дейін құлағына
сіңісті діни терминдер мен сөз тіркестерін қайталатып,
рухани түйсіктерінің ашылуына жағдай жасау керек.
Бұл кезде баланың діни тәлімінде мына ұғымдарды
қолдануға болады:
Бізді Аллаһ жаратты.
Біз Аллаһты жақсы көреміз.
61
Сәбидің дүниеге келуі
Аллаһ барлық балаларды жақсы көреді.
Барлық нәрсені жаратқан – Аллаһ.
Хазірет Мұхаммед – Аллаһтың елшісі.
Хазірет Мұхаммед Аллаһтың әмірлерін бізге
жеткізді.
Құран – қасиетті кітап.
Үлкен кісілер мен балалар мешітке барады.
Мешітте
намаз оқиды, т.б.
Баламызбен үнемі бала секілді тілдесетін болсақ,
ол да әрдайым бала күйінде қала береді. Сондықтан оны
үлкен кісідей көріп, әңгімелескенде маңызды кісімен
әңгімелесіп отырғанымызды аңғарту керек. Сонда бала
да үлкендерше ойлануға бейімделе түседі.
Үш жастағы балада еліктегіштік қасиет басым. Ұл
әкесінің, қыз анасының жасағандарын қайталап, соларға
қарап бой түзейді. Сондықтан бұл кезеңде балаға құрғақ
мысал бергеннен гөрі өзіміз іс-әрекетімізбен, жүріс-
тұрысымызбен үлгі болғанымыз абзал. Алайда, бүгінде
үлкендердің айтқанын орында да, істегеніне үйір бола
берме дегенге келетін тәрбие әдісі басым. Мысалы, ата-
ана баласын ұрады, бірақ баласы бауырын ұрса, оның
жер-жебіріне жетеді. Анасы баласына «Телефонда мені
сұраса, үйде жоқ деп айта сал» дейді де ал жайшылықта
баласы өтірік айтса ренжіп, оны жалған сөйлемеуге
үгіттейді. Баласы балағат сөз айтқан кезде, әкесі: «Әй,
мына
оңбаған жаман сөзді қайдан үйренген», – десе,
шешесі: «
Жетпегір, бұл сөзді саған кім үйретті», – деп
дүрсе қоя береді.
Әрине, көкірек көзі ояу, көңілі кіршіксіз таза ба-
лалар біздің әрбір ісімізді «көз» камерасына ұдайы
түсіріп отырады. Сондықтан халқымыздың «Ережеден
62
Исламдағы бала тәрбиесі
өнеге артық» деген қағидасын естен шығармаған жөн.
Аталарымыз осы тұрғыда «Сөзіңмен мазалама, ісіңмен
көрсет», «Сөз шақырады, ал үлгі қызықтырады» деген
екен. Ендеше, жас өскінге сөзден гөрі ісімізбен үлгі-
өнеге болуымыз керек.
Гүлден
ұрық шашылса,
Гүл
тарайды әлемге (С. Мұқанов).
Демек, тұла бойымыз әсемдікке толы болса, бала-
шағамыздың да өн-бойынан сұлулық көзге ұрары дау-
сыз. Осы ақиқат Құранда былай баяндалады:
«Жаннаттық адамдардың қасында әрдайым
пәк балалар болады, сен оларды көрген кезіңде жерге
шашылған інжу-маржан деп ойлайсың»
63
. Сөздің тура
болуымен қатар істің туралығы да аса маңызды. Өйткені,
жалған сөйлегеніңізді аңғарған немесе сөзіңіз бен
ісіңіздің үйлеспегенін көрген бала сізге сенімсіздікпен
қарайтын болады. Титтей ағаттығыңызды байқап қалса,
сізден суынып, біртіндеп бойын аулақ ұстай бастай-
ды. Ондай кезде айтқан сөздеріңіздің ешқандай қадірі
қалмайды.
Бала бүкіл ізгі қасиеттерді әке-шешесінен табуы
тиіс. Бұндай ата-аналар бір жағынан ұлағатты ұстаз бо-
лып табылады.
Әңгіме!
Достарыңызбен бөлісу: