Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет8/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Ұрпақ сүю
Өмірлік серік ретінде бір-бірін таңдап, ақ некесін 
қиған жас жұбайлар жанұялық өмірдің табалдырығын 
аттаған  күннен  бастап,  болашақ  сәбиінің  жағдайын 
да ойластыруы керек. Себебі, дүниеге келетін сәбидің 
тәрбиесінде жүктілікке дейінгі кезеңнің де өзіндік орны 
бар. Бұл кезең туралы ерлі-зайыптыларға Құран аят-
тары  мен  Пайғамбарымыздың  хадистерінде  өсиет-
тер  айтылып,  бағыт-бағдар  көрсетілген.  Мысалы, 
Құран  Кәрімде:  «Оларға  (яғни  әйелдерге  етеккірден) 
тазарғанға  дейін  жақындаспаңдар»,
12
  −  деп,  он-
12
  «Бақара» сүресі, 222-аят.


23
Отбасы – тәрбие бесігі
дай  күндері  төсек  қатынасына  тыйым  салады.  Түрлі 
ауруларға себеп болатындықтан бұған медицина бойын-
ша да рұқсат етілмейді. Ал, мұсылман ғалымдарының 
пайымдауынша,  осы  тыйымның  бір  ұшы  болашақ 
ұрпаққа әсер етіп, баланың ауру болып туылуына жол 
ашуы мүмкін
13

Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 бір хадисінде: 
«Жұбайларыңа жақындайтын кезде «Бисмилләһ, Раб-
бым, мені шайтаннан, шайтанды да бізге нәсіп ететін 
перзенттен  алыстата  гөр!»  –  десе  әрі  осыдан  кейін 
Аллаһ  оларға  перзент  нәсіп  етсе,  шайтан  ол  балаға 
ешқашан жамандық жасай алмайды»
14
, – деп баяндай-
ды. Хадистің мазмұнына терең үңіліп қарайтын болсақ, 
болашақ  ұрпақтың  шайтанның  тұзағына  түспейтін, 
ақылды,  адал  ниетті  болуын  ақ  отаудың  алғашқы 
күнінен-ақ ойластыру керек екенін байқаймыз. Демек, 
отау құрған күннен бастап, ерлі-зайыптылардың әрбір 
әрекеті болашақ баланың тәрбиесіне әсер етпек. 
Ғұламалар  кейбір  хадистердегі  ескертулер 
шайтанның жамандығынан сақтану мақсатын көздейді 
деп топшылайды. Мысалы, Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)
  тағы  бір  хадисінде,  ерлі-зайыптылардың 
түнде төсекке жатқанда, денелерін жамылуы қажеттігі 
ескертіледі
15
. Хадисті талдаған ғалымдардың пікірінше, 
оның бір себебі – адамның әурет жерлері ашылған кез-
де періштелер ұялғандарынан бөлмеден шығып кетеді. 
Ал  періште  жоқ  жерге  шайтан  үйірсектейтіні  белгілі. 
13
  Имам Ғазали, Ихия улумуддин, II-т., 131-б.
14
  Бухари, Никаһ, 67; Муслим, Никаһ, 116; Тирмизи, Никаһ, 8; Әбу 
Дәууд, Никаһ, 45.
15
  Ибн Мажә, Никаһ, 28; Тирмизи, Әдеп, 42.


24
Исламдағы бала тәрбиесі
Сондықтан  сол  түні  Аллаһ  тағала  оларға  бала  нәсіп 
етсе, балаға шайтанның серік болатыны айтылады. Ал 
кей ғалымдар мұндай баланың ұяттан кенде болып ту-
ылатынын алға тартады
16
.
Бала тәрбиесіне қатысты еңбектерде жас отаудың 
түрлі нәзік мәселелерін қозғайтын құнды деректер бар. 
Мысалы, ерлі-зайыптылар лықа тойып жатып, сол түні 
оларға  бала  нәсіп  етілсе,  баланың  жайбасар,  ал  егер 
асқазаны қалыпты жағдайда болса, баласының ширақ 
болатыны баяндалады
17
. Сонымен қатар, ғалымдардың 
топшылауынша, егер ерлі-зайыпты жандар жыныстық 
қатынастан  соң:  «Уа,  Раббым!  Бала  берсең  атын 
Мұхаммед  деп  қойдым»  деп  тілек  тілесе  немесе  әйел 
оң жағына қарап жатып аз ғана ұйықтаса, онда дүниеге 
ұл келуі мүмкін
18
. Дей тұрғанмен, бұл айтылғандардың 
шариғатта  бекітілген  нәрселер  емес,  тек  мұсылман 
ғұламаларының түйген ой-пікірлері екенін есте ұстаған 
абзал. Бұл жерде ескеретін бір мәселе, дініміздің ерлі-
зайыптылардың  әрбір  әрекетінің  болашақ  баланың 
мінез-құлқына, болмысына әсер ететіндігіне басты на-
зар аударуы. 
Бала  жатырға  түскенге  дейінгі  оның  болашақ 
тәрбиесіне қатысы маңызды қадамдардың бірі – ұрық 
тазалығы. Бұл жайында педагог ғалым С. Ғаббасов өз 
ойын былай білдіреді: «Семья (отбасы-ав.) құруға да-
йындалу кезеңінде, екінші бір көңіл аударатын үлкен 
16
  Изники Мехмед ибн Кутбуддин , Муршид-и Мутәәһһилин, 56-б., 
Станбул, 1273.
17
  Әбул-Ләйс әс-Сәмарқанди, Бустанул-арифин, 161-б., Матбаатул-
Амирә, 1289.
18
  Бұл да сонда, 161-162-бб.


25
Отбасы – тәрбие бесігі
мәселе, бұл осы уақытқа дейін ескерілмей де, тіпті ай-
тылмай  да  келген  ұрық  тазалығы  жайындағы  түсінік. 
Адамзат қауымы бүкіл саналы тіршілігінде – өзі өсіріп 
отырған өсімдіктің дәнінің сорттылығын жетілдірумен 
болса, ал үй хайуанаттарының тұқымын асылдандыру-
ды ойлап, арып-шаршай жүріп, өз ұрпағының келешегін 
мүлдем естен шығарып алғандығына не деуге болады? 
Тіпті,  ол  өзінің  ұрпақтарын  асылдандырмақ  түгілі, 
ұрығының тазалығын сақтауға да тырыспайтындығын 
қалай түсінеміз?»
19

Ары  қарай  жазушы  тіпті  табиғат  қойнауында 
тіршілік  ететін  күллі  жан-жануардың  ұрпақ  қамына 
кірісерде  судың  тек  тұнығын  ішіп,  шөптің  асылын 
жеуге тырысатынын айта келіп, ал халық тәрбиесінің 
тәлімінен  көптен  бері  қол  үзіп  қалған  жандардың 
керісінше,  ақ  отауға  кірер  алдында  той  жасап,  той-
да  арақ-шарапты  судай  сіміріп,  екі  жасқа  да  ішкізіп, 
соның салдарынан уланған ұрпақтың дүниеге келетінін, 
осылайша  болашағымызға  өз  қолымызбен  балта  ша-
уып  жатқанымызды  баяндайды
20
.  Негізінде  бұл  – 
өмір  салтының  мұсылмандық  дәстүрлерінен  қол  үзіп 
қалғандығымыздың  белгісі.  Себебі,  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 бір хадисінде ішке түскен бір түйір 
харам  азықтың  қырық  күн  бойы  адам  денесінен  кет-
пей қанында жүретіндігін ескерткен. Қырық күн бойы 
қанның  құрамында  сақталатын  харам  азықтың  адам 
ұрығына  да  әсер  ететіні  даусыз.  Харамнан  сақтанып, 
тек  адал  ырзықпен  қоректенген  пенденің  ұрығы  да, 
19
  С. Ғаббасов, Халық педагогикасының негіздері, 59-б., Алматы, 
1995.
20
 Бұл да сонда. 


26
Исламдағы бала тәрбиесі
перзенті де қай жағынан болсын мұнтаздай таза бола-
ры анық. 
Әңгіме!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет