Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Болашақ күйеу мен қалыңдық



Pdf көрінісі
бет5/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Болашақ күйеу мен қалыңдық
Баяғыда  бір  кісі  ойшылға  барып:  «Балам  бір 
жасқа толды. Тәрбиесін қай кезден бастаған дұрыс?», 
– деп сұрағанда, әлгі ойшыл: «Сіз тәрбиені бір жылға 
кешіктіріпсіз ғой», – деген екен. Мұнан тәрбиенің сәби 
жарық  дүниеге  келген  сәттен  бастап  қолға  алынуы 
керектігін байқаймыз. Ал дінімізде ұрпақ тәрбиесі тіпті 
одан да ерте, жар таңдаудан басталады. Себебі, Ислам 
дінінің  шаңырақ  құруға  байланысты  ұстанымдарына 
зер салсақ, шаңырақта дүние есігін ашатын ұрпақтың 
да  қамы  алдан  ала  ойластырылып  қойғанын  аңғару 
қиын емес. Өскен ортасының балаға міндетті түрде әсер 
ететіні  айтпаса  да  түсінікті.  «Ұяда  не  көрсе,  ұшқанда 
соны  ілетін»  бала  үшін  әке-шешенің  әрбір  іс-әрекеті 


14
Исламдағы бала тәрбиесі
маңызды. Сондықтан болашақ қалыңдық пен күйеу бір-
бірінің  бойынан  имандылықты,  салиқалықты  (дініміз 
талап  еткен  асыл  қасиеттерді)  іздегені  жөн.  Аллаһ 
тағала Құранда мұсылмандарға былай деп бұйырады:
«(Ей, мұсылмандар!) Мүшрік (Аллаһқа серік қосқан) 
әйелдер  иманға  келмейінше  олармен  үйленбеңдер. 
Мұсылман күң − саған ұнаған мүшрік әйелден қайырлы. 
(Ей,  мұсылмандар!  Қыздарыңды)  мүшріктерге  олар 
иман  етпейінше  қалыңдыққа  бермеңдер.  Мұсылман 
құл  −  саған  ұнаған  мүшрік  ерден  қайырлы.  Олар 
(мүшріктер)  сендерді  тозақтың  отына  шақырса, 
Аллаһ сендерді жаннатына және кешіріміне бөленуге 
шақырады. Аллаһ адамдарға ғибрат алсын деп аятта-
рын осылай түсіндіреді»
6

Демек, адамзат өмірлік серік болар жарын таңдауда 
ең бірінші оның имандылық қасиетіне мән беруі қажет. 
Құран  аятымен  әспеттеліп,  бізге  жеткен  қастерлі  жар 
таңдау  ұғымының  имандылыққа  баса  назар  аударуы 
адамзат  бақыты  үшін  қаншалықты  маңызды  екенін 
көрсетеді. 
Өнегелі өмірдің жарқын үлгісін адамзатқа танытқан 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 да: «Жар таңдаған 
жан  әйелдің  төрт  қасиетіне  көңіл  бөледі:  дүниесі, 
тектілігі,  әдемілігі  және  діндарлығы.  Діндарын 
таңдаған  бақытқа  кенеледі»
7
,  деу  арқылы  болашақ 
қол ұстасқан жүрек қалауыңның иманды болуын өсиет 
еткен. 
6
  «Бақара» сүресі, 221-аят.
7
  Бұһари, Никаһ 15; Әбу Дауыд, Никаһ 2; Нәсаи, Никаһ, 13; Ибни 
Мәжә, Никаһ, 6.


15
Отбасы – тәрбие бесігі
Көрген  жанды  тамсандырар  сыртқы  сұлулық  пен 
шалқыған дәулет − қолдың кірі секілді өткінші дүние. 
Басты  байлық  –  руханият  байлығы,  жан  сұлулығы. 
Бұл  –  хақтың  бірлігін  таныған  иманның  жемісі.  Аят 
пен  хадистерде  ең  әуелі  иман  мәселесінің  айтылуы  − 
ертең дүниеге келер иманды, парасатты ізгі ұрпақтың 
мәңгілік бақыты үшін деп түсінуіміз керек. 
Құран  Кәрім  жүрегі  иман  сәулесімен  нұрланған 
ерлі-зайыптылар хақында былай дейді: 
«Мұсылман  ер  кісілер,  мұсылман  әйелдер,  мүмин 
ер  кісілер,  мүмин  әйелдер,  бойұсынған  ер  кісілер  мен 
бойұсынған  әйелдер,  шыншыл  (шын  сөзді)  ер  кісілер 
мен шыншыл (шын сөзді) әйелдер, сабырлы ер кісілер 
мен сабырлы әйелдер, кішіпейіл ер кісілер мен кішіпейіл 
әйелдер, ар-ұятын қорғайтын ер кісілер мен ар-ұятын 
қорғайтын  әйелдер,  ораза  ұстайтын  ер  кісілер  мен 
ораза ұстайтын әйелдер, Аллаһты көп зікір ететін ер-
лер мен әйелдер, міне, оларды Аллаһ толық кешіреді әрі 
оларға үлкен сый әзірлейді»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет