Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет6/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
8

Яғни,  обал-сауапты  білетін  дінге  берік  әрі  Ұлы 
Жаратушыға  құлшылық  жасайтын  ерлі-зайыптылар-
дың тілегі мен тірлігі жарасып, сөзі мен ісі бір жерден 
шығып,  айрандай  ұйыған  отбасы  болады.  Адамның 
айнаға  қарап,  өзін  түзегені  секілді,  балалары  да  ата-
анасынан  өнеге,  ғибрат  алып,  иманды  болып  өседі. 
Себебі, иманды әке-шеше − күнә мен қиындыққа сабыр 
танытады,  күпірліктен  бойларын  алыс  ұстайды.  Осы-
лайша  иманды  отбасының  иләһи  рухани  қуаты  бала-
шағасына да оң әсерін тигізеді. Аллаһты құрметтейтін, 
8
  «Ахзаб» сүресі, 35-аят.


16
Исламдағы бала тәрбиесі
ақыретіне  алаңдайтын,  өз  міндетін  адал  атқаруға  ты-
рысатын, ажалды үнемі қаперде ұстайтын ата-ананың 
балалары салмақты, байсалды, барлық жағынан үлгілі 
болып өседі. Біреудің ала жібін аттамайды. Айналасы-
на ұдайы мейірім шуағын шашып, ораза ұстап, намаз 
оқиды. Яғни, Аллаһтан әмір болған бес парызды өтеп, 
харамнан бойын аулақ ұстайтын әйел мен ер кісі құрған 
шаңырақтың іргесі берік болады. Қоғамды ізгілікке ба-
стайтын  мұндай  парасатты  отбасының  балалары  мен 
немерелері  де  өз  ұлтының  барлық  құндылықтарын 
терең  игермек.  Бойына  діні  мен  ділін  қатар  сіңірген 
ұрпақтың рухы да биік болмақ. 
Қазақ  «Әке  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон 
пішер»  дейді.  Осы  мәйекті  сөзде  айтылғандай,  жар 
таңдағанда  ең  әуелі  көрікке  емес  көргенді  жерден 
шыққанына  көңіл  бөлген  абзал.  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  бір  хадисінде:  «Қоқыста  өскен 
қызыл  гүлге  қызықпаңдар!»  деп  ескертеді.  Мәнісін 
сұраған  сахабаларына  «Айтпағым,  нашар  ортада 
өскен  сұлу  әйел»,  −  деп  түсіндіреді
9
.  Хазірет  Омар 
(р.а.)  хадисті  тарқатып:  «Жаман  ортада  өскен  сұлу 
әйелден сақтаныңдар! Себебі, одан туған бала негізге 
тартпай  қоймайды.  Текті,  көргенді  жердің  қызын 
таңдаңдар! Себебі, ол өзінің әкесіне, көкесіне, бауыр-
ларына тартқан ұрпақты дүниеге әкеледі», − деген. 
Ата-бабамыз да ұрпағына көргенді жердің қызын 
алуды үгіттеп былай деген:
Жал-құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
9
  Қари, Ш. Айнул-илм. 1/234.


17
Отбасы – тәрбие бесігі
Қалыңмалы арзан деп,
Жаманнан қатын алмаңыз.
Айтқанымды тексермей,
Алды-артыңды тектемей,
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Ақылымды ескермей,
Жаманнан қатын алсаңыз,
Топқа түсер ұл тумас...
Жаманнан – жақсы туса да, 
Жақсыдан – жаман туса да,
Тартпай қоймас негізге. (Бұқар жырау) 
Парасатты отбасы құру − болашақ ошақ иесі мен 
отағасына  да  сын.  Халқымыз  ертеректе  ер  жігіттерді 
былайша  сынаған  екен:  «Күйеу  жігіт  білім-білігі 
бар,  шаруашылыққа  икемді,  епті  болуға  тиіс.  Ата-
бабаларымыз  «Пайғамбардың  сүннетін  өтей  алсаң, 
үйлен»,  −  дейді  екен.  Ол  үшін  ат  үстінен  аударысу, 
жамбы ату, садақ тарту, шауып бара жатып шұқанаққа 
салынған  затты  ілу,  күрестіру,  отын  жарғызу,  мал 
бақтыру,  диқаншылық,  қонақ  күту,  той-томалақты 
өткеру, өлең айту, мал сою, пышақ қайрау, шалғы, кет-
пен шыңдау, т.б. сияқты сынақтардан өткізген. Сөйтіп, 
өз  беттерімен  жандарын  бағып,  үй  болып  кете  ала-
тындарына көздерін жеткізген. Ұстанымдық жағынан, 
бүгінгі таңда да дәл аталғандардай болмаса да, сол си-
паттас  шарттар  қоюдың  қажеттілігі  артпаса,  кеміген 
жоқ. Бірақ бұған әр түрлі себептермен елеусіз қалудың 
салдарынан  кейбір  жас  жігіттер  отбасылық  өмір 
шындығымен  бетпе-бет  келгенде,  осалдық  танытып, 


18
Исламдағы бала тәрбиесі
жаңа көтерген шаңырақтарын шайқалтып алып жүр»
10

Демек,  қалыңдық  та  жар  таңдау  барысында  жігіттің 
бойынан  нағыз  ер-азаматқа  тән  қасиеттерді  іздегені 
жөн. 
Ислам  дінінде  иманды,  ибалы  жар  таңдау  −  ең 
әуелгі міндеттердің бірі. 
Хазірет  Омар  (р.а.)  халифа  болып  тұрған  кезінде 
бір кісі келіп баласының қылықтарына көңілі толмай-
тынын  айтады.  Сөз  тыңдамай,  қит  етсе  өзіне  қарсы 
келетінін сөз етеді. Халифа баланы шақыртып, бұның 
себебін сұрайды. Бала: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, 
әкенің  бала  алдында  ешқандай  міндеті  жоқ  па?»  − 
деп  сұрайды.  «Әрине,  бар»,  −  деген  халифа  Омар  ол 
міндеттерді  былай  деп  тізбектейді:  «Әке  ең  алдымен 
болашақ  ұрпағына  ары  таза,  мінез-құлқы  жақсы  ана 
таңдауы керек (яғни сондай әйелді жар етуі қажет). Со-
сын баласына жақсы ат қоюы әрі оған Құран Кәрімді 
үйретуі  қажет».  Мұны  естіген  бала:  «Ендеше,  әкем 
бұлардың ешбірін де орындаған емес. Маған ана ретінде 
таңдаған  әйелі  мәжуси  (отқа  табынушы),  қойған  аты 
«тасбақа»  деген  мағынаны  береді.  Ал  Құраннан  бір 
әріп  те  үйреткен  емес»,  −  дейді.  Сонда  хазірет  Омар 
баланың  әкесіне  қарап:  «Негізінде  сенің  үстіңнен 
балаң шағым жасауы қажет екен. Баланың алдындағы 
парызыңды орындамасаң, бала да әкенің алдындағы өз 
міндетін орындамасы анық», − деп кінәнің әкеде екенін 
түсіндірген екен. 
10
  Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабайұлы, Әдептану, 218-б.


19
Отбасы – тәрбие бесігі
Міне,  мұсылмандықта  дүниеге  келген  баланың 
тәрбиесі, шаңырақ құрылмай тұрып ойластыру қажеттігі 
осыдан. Ислам отау құрмаған бозбала мен бойжеткен-
ге ана әрі әке ретінде қарап, болашақ бала тәрбиесіне 
қаншалықты үлес қосатынына баса назар аударады. Де-
мек, қыз бен жігіт қол ұстасып, жанұялық өмірге қадам 
баспай тұрып, бір-бірінің бойынан осындай қасиеттерді 
іздестіруі керек. Себебі, ұрпақ тәрбиесі ер мен әйелдің 
үйленуге шешім қабылдаған сәтінен бастау алады.
Қазіргі  кезде  көптеген  жастар  осы  бір  өміршең 
мәселеге атүсті қарайды. Тіпті, көшеде, кафеде, клуб-
та кездескен кез-келген біреумен асығыс жанұя құрып 
кете барады. Отбасы мәселесіне жан-жақты қарап, 
тәжірибесі  бар  кісілердің  пікіріне  құлақ  асқан  жөн. 
Кейде сезімге беріліп үйленуден бақыт күткен жанұя 
оба жайпап, ойраны шыққан тамұққа айналуы мүмкін. 
Діндар деген кейбір кісілердің өзі осы мәселеге келгенде 
орашолақтық танытып, кейбір жайттарды ескермей 
шалыс  басып  жатады.  Ондайда  жанұяның  берекесі 
қашып, ырың-жырыңнан көз ашпайды. Ұрыс-керіс те 
үзілмейді. Өйткені, отағасының діндарлығы әйеліне, ал 
әйелінікі еріне ұнамай ырду-дырду күй кешеді. Мұндай 
жағдайда  ерлі-зайыптылар  тіл  табыса  алмай,  екеуі 
екі бөлек әлемде өмір сүреді. 
Күйеуі  діндар,  әйелі  діннен  хабарсыз  (немесе 
керісінше)  жанұяда  екі  түрлі  кітап,  екі  түрлі  га-
зет  оқылады,  екі  түрлі  әңгіме  айтылады.  Әйелі  бір 
нәрсені қаласа, оны күйеуі жақтырмайды. Әйелі діни 
заңдылықтарды, иманды, тәрбиені айтса, күйеуі оны 


20
Исламдағы бала тәрбиесі
жанжалға айналдырады. Мұндай сүреңсіз өмірді өмір 
деуге келе ме, келмей ме, төрелігін сіз айтыңыз
11

Ақ неке
Отбасы  ұғымы  тек  ұрпақ  жалғастығымен 
өлшенбейді.  Отбасы  –  қоғамның  маңызды  бір  бөлігі, 
ұлттың  бүгіні  мен  ертеңі.  Сол  қасиетті  шаңырақтың 
сүттей тазалығын, шатттығы мен бақытын ақ неке одан 
әрмен  бекіте  түседі.  «Неке»  дегеніміз  үйленуге  ниет 
еткендерге қойылатын діни талаптарды орындай оты-
рып, екі жастың қол ұстасып, өз қалауымен бас қосып 
шаңырақ  көтеруі.  Өйткені  оның  белгілі  бір  мақсаты 
бар. Аллаһ тағала некенің шарттарын тәрк еткен отауға 
разылық танытпайды. 
Дін  −  адал  некеге  құрылған  отбасын  ұлттың 
негізіне,  іргетасына,  тірегіне  балайды.  Сондықтан 
Ислам  ғалымдары  некелесу  мәселесін  адамның  жеке 
жағдайымен  байланыстыра  отырып,  үйленудің  па-
рыз, уәжіп, сүннет, харам, мәкруһ секілді дәрежелерін 
анықтаған.  Яғни,  үйлену  әркімнің  рухани  һәм 
материалдық  жағдайына  қарай  әр  түрлі  сипат  алуы 
мүмкін. Осы себепті үйлену − біреуге уәжіп болса, енді 
біреуге мәкрүһ. Енді осы мәселеге жеке-жеке тоқтала 
кетейік:
парыз: Зина жасау қаупі төнген бойдақ кісі егер 
үйленгеннен кейін отбасын асырай алатындай жағдайы 
болса, онда оның күнәдан сақтануы үшін үйленуі − па-
11
  Бұл пікір мұсылман ғалым, ағартушы М. Ф. Гүленнің «Чекирдек-
тен чынара» атты кітабынан алынды. Нил йайынлары. 2002. Б. 
45-46.  Ендігі  жерде  осы  еңбектен  алынған  пікірлер  курсивпен 
берілетінін ескертеміз. 


21
Отбасы – тәрбие бесігі
рыз. Яғни, харам істерге бой алдыру қаупі төнген адамға 
ең абзалы – үйлену. Өйткені оның үйленуден тартынуы 
өзіне де, қоғамға да зиянды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет