Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


II-ТАРАУ СӘБИДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет13/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

II-ТАРАУ
СӘБИДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ
 
БАлА – АМАнАт
Психология  ғылымы  бала  тәрбиесін  физиология-
лық-психологиялық әрі сана-сезімнің даму ерекшелік-
теріне  сай  кезеңдерге  бөліп  қарастырудың  пайдалы 
екенін айтады. Себебі, даму барысындағы әрбір кезең 
баланың  тіршілігі,  айналасындағылармен  қарым-
қатынасы,  ой-сананың  даму  дәрежесі  және  белгілі 
бір  физиологиялық  ерекшеліктері  арқылы  сипатта-
лады.  Соған  орай  психолог  ғалымдардың  бірқатары 
баланың  өсу  шағын  «сәбилік  шақ,  балдырған  шақ, 
мектепке  дейінгі  шақ,  бастауыш  сынып  кезеңі»  деп 
сатылап қараса, бірқатары «алғашқы сәбилік, сәбилік, 
естиярлық, ересектік» деген тәрізді топтарға бөледі. Бұл 
бала жасының әрбір кезеңіндегі өзіндік ерекшеліктерін 
айқындауға  көмектеседі.  Сонымен  қатар  балалардың 
жас  ерекшеліктеріне  қарай  бөліп  қарастыру  олар-
ды  физиологиялық,  психологиялық  тұрғыдан  дұрыс 
тануға  жол  ашады.  Ата-ана  жылуын  шашқан  күн 
секілді, сәулесімен баланың ішкі жан дүниесін баурай 
алғанда ғана оны жете тани алады. Сонда ғана баланың 
әлсіз тұстары дәл анықталып, соған сай жұмыс жаса-
лады. Пайғамбарымыз да 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 «Әркімнің 


36
Исламдағы бала тәрбиесі
деңгейімен  санасуды»
32
  өсиеттейді.  Баланың  деңгейін 
дұрыс  анықтағанда  ғана  тәрбие  әдісін  белгілеуге  бо-
лады.  Ал  бала  дегеніміз  –  тылсым  дүние.  Осы  тыл-
сым дүниенің сырына қаныға түссек, оған үйретілетін 
нәрселерді  дұрыс  кезекке  қою  да  жеңілдеу  соғады. 
Егер  баланы  өз  қабылдау  деңгейіне  сай  үйретсек, 
кішкене  кезінен  дұрыс  ойлау  қабілеті  қалыптасады. 
Ал  егер  керісінше  ой-пікірімен  санаспай,  үйреткіміз 
келген  жайттарды  жөн-жосықсыз  тықпаласақ,  онда 
баламыздың  болашағына  балта  шапқан  боламыз. 
Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани 
білу қажет.
Бала  тәрбиесін  жас  ерекшеліктеріне  орай  белгілі 
кезеңдерге  бөліп  қарастырудың  маңыздылығын 
жоғарыда айтып өттік. Сондықтан біз де Құран аяттары 
мен хадистердегі балаға қатысты мағлұматтарды және 
Ислам ғалымдарының тәрбиеге қатысты көзқарастарын 
ескере  отырып,  дін  негізінде  бала  тәрбиесін  келесі 
топтарға бөліп қарастыруды жөн көрдік: 
Сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы 
Бүлдіршін кезең: 2-6 жас аралығы
«Тәмииз» кезеңі: 7-9 жас аралығы
«Мураһиқ» жасы: 10-15 жас аралығы
Балиғат жасы
Адам  баласының  болашағы  үшін  балалық 
шақтың мәні зор. Себебі, оның негізгі қасиеттері осы 
кезеңде қалыптасады. Алғашқы жылдары бала белгілі 
бір  деңгейде  әке-шешесіне  тәуелді  болғандықтан, 
оның  болмысының  қалыптасуына  ата-ананың  әсері 
32
  Әбу Дәууд, Әдеп, 22.


37
Сәбидің дүниеге келуі
әдеттегіден  мол  болмақ.  Сондықтан  бала  тәрбиесінің 
қыр-сырынан  бейхабар  ата-аналар  осы  бір  жауапты 
кезеңді  жемісті  өткізе  алмайды.  Мүмкіншіліктерді 
дұрыс  пайдалана  алмау,  баланы  рухани-моральдық 
жетістіктерден  тежейді.  Енді  жоғарыда  аталған 
кезеңдерді жеке-жеке қарастырайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет