Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет16/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Алғашқы тілек
Хадистен  жас  нәресте  үшін  жасалған  келесі 
бір  игі  істің  −  дұға  оқу  екенін  көреміз.  Айша  ана-
мыз:  «Пайғамбарымыз  өзіне  әкелінген  нәрестелердің 
әрбіріне  береке  тілеп,  дұға  оқитын»,  –  дейді
36
.  Бұған 
қоса, нәрестелі болған сахабалар Пайғамбарымызды не-
месе басқа мұсылмандарды қонаққа шақырып ақ тілегін 
алған. Мысалы, Мұғауия ибн Қурра ұлды болған кез-
де кейбір сахабаларды қонаққа шақырып, астан кейін 
оларға дұға жасатып, артынан өзі де ұлының діндар әрі 
ақылды болуы үшін тілек тілегенін, қонақтардың бұл 
тілекке «әмин» деп қосылғанын баяндайды
37

Балаларды жақсы көріп, оларды жүректің жемісіне, 
көздің  нұрына  теңеген  мейірім  жаршысы  ардақты 
Елші 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 әртүрлі жағдайда пайдаланып, 
оларға  дұға  жасап  отырған.  Мысалы,  немерелері  Ха-
сан мен Хұсейінге мынандай дұға жасаған: «Аузу кумә 
бикәлимәтиллаһит-тәммәти  мин  кулли  шайтанин  уә 
һәммәтин уа мин кулли айнин ләммәтин»
38

(Сендерді  әр  түрлі  шайтаннан,  зиянды  жән-
діктен,  әр  түрлі  сұқ  көзден  сақтасын  деп  Аллаһтың 
толық сөздеріне (Құранға) сиынамын). 
Пайғамбарымыз  қасына  жүгіріп  келген  балалар-
мен амандасып, жақсылық тілеп, оларға дұға жасайтын. 
Абдуллаһ ибн Аббас бала кезінде Пайғамбарымыздың 
оған:  «Иә,  Аллаһ  тағалам,  бұған  хикмет  үйрете 
36
  Әбу Дәууд, Әдәб, 108.
37
  Әдәбул-Муфрәд, 429-б.
38
  Әбу Дәууд, Сүннет, 22.


40
Исламдағы бала тәрбиесі
гөр!» деп дұға жасағанын айтады
39
. Ал хазірет Әнәсқа 
байлығы  мен  бала-шағасының  көп  болуын,  ұзақ  өмір 
сүруін,  берген  садақаларының  қайырлы  болуын 
тілеген
40
. Бала тәрбиесінде ең күшті қарудың Аллаһтан 
тілек тілеп, дұға жасау екенін осылай көрсеткен. «Ата-
ананың  баласы  үшін  жасаған  дұғасы  қабыл  болады» 
деп  мәлімдеген  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
 
тәрбие барысында бала үшін дұға жасап, тәуекел етуді 
естен  шығармау  керектігін  өзінің  сүннет  жолымен 
үйреткен. Себебі, дұға – тәрбиенің тірегі. Дұғасыз бер-
ген тәрбиенің жемісті болуы екіталай. 
сүйінші
Алғашқы  мұсылмандардың  арасында  кең  тараған 
дәстүрдің  бірі  −  нәрестенің  дүниеге  келгеніне  қуану, 
сүйінші  сұрау  болатын.  Ұлы  Ибраһим  туылғанда, 
сүйінші  сұрап  келген  Әбу  Рафиға  Пайғамбарымыз 
сый-сияпат  тарту  еткен.  Кей  сахабалар  қуаныштарын 
бөлісу үшін қонақ шақырған. Хадисші ғалым Имам Бу-
хари  өзінің  «әл-Әдәбул-муфрәд»  атты  кітабының  бір 
бөлімін, арнайы осы мәселеге арнап, «әд-Дауату фил-
уәлади»  (Бала  туылғанда  қонақ  шақыру)  деп  атаған. 
Жаһилия кезеңінде адамдар тек қана ұл бала дүниеге 
келгенде қуанса, иман шуағына кенелген мұсылмандар 
ұл баламен қатар қыз баланы да Аллаһтың берген сыйы-
на балап, екеуіне бірдей шүкіршілік етіп, зор қуанышқа 
кенелген.
39
  Тирмизи, Мәнақиб, 50; Ибн Мажә, Муқаддимә, 11.
40
  Муслим, Фәдаилус-сахабә, 141-144; Тирмизи, Мәнақиб, 50.


41
Сәбидің дүниеге келуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет