36
Исламдағы бала тәрбиесі
деңгейімен санасуды»
32
өсиеттейді. Баланың деңгейін
дұрыс анықтағанда ғана тәрбие әдісін белгілеуге бо-
лады. Ал бала дегеніміз – тылсым дүние. Осы тыл-
сым дүниенің сырына қаныға түссек, оған үйретілетін
нәрселерді дұрыс кезекке қою да жеңілдеу соғады.
Егер баланы өз қабылдау деңгейіне сай үйретсек,
кішкене кезінен дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады.
Ал егер керісінше ой-пікірімен санаспай, үйреткіміз
келген жайттарды жөн-жосықсыз тықпаласақ, онда
баламыздың болашағына балта шапқан боламыз.
Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани
білу қажет.
Бала тәрбиесін жас ерекшеліктеріне орай белгілі
кезеңдерге бөліп қарастырудың маңыздылығын
жоғарыда айтып өттік. Сондықтан біз де Құран аяттары
мен хадистердегі балаға қатысты мағлұматтарды және
Ислам ғалымдарының тәрбиеге қатысты көзқарастарын
ескере отырып, дін негізінде бала тәрбиесін келесі
топтарға бөліп қарастыруды жөн көрдік:
Сәбилік кезең: 0-2
жас аралығы
Бүлдіршін кезең: 2-6
жас аралығы
«Тәмииз» кезеңі: 7-9 жас аралығы
«Мураһиқ» жасы: 10-15 жас аралығы
Балиғат жасы
Адам баласының болашағы үшін балалық
шақтың мәні зор. Себебі, оның негізгі қасиеттері осы
кезеңде қалыптасады. Алғашқы жылдары бала белгілі
бір деңгейде әке-шешесіне тәуелді болғандықтан,
оның болмысының қалыптасуына ата-ананың әсері
32
Әбу Дәууд, Әдеп, 22.
37
Сәбидің дүниеге келуі
әдеттегіден мол болмақ. Сондықтан бала тәрбиесінің
қыр-сырынан бейхабар ата-аналар осы бір жауапты
кезеңді жемісті өткізе алмайды. Мүмкіншіліктерді
дұрыс пайдалана алмау, баланы рухани-моральдық
жетістіктерден тежейді. Енді жоғарыда аталған
кезеңдерді жеке-жеке қарастырайық:
Достарыңызбен бөлісу: