Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Осыншалық білімге қалай қол жеткіздің?



Pdf көрінісі
бет53/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101
Осыншалық білімге қалай қол жеткіздің?
Өз  дәуірінің  ең  үлкен  имамы  болғандықтан,  Нұғман  ибн 
Сәбитті халық  «Имам Ағзам» деп атап кеткен. Ол ақылды, парасат-
ты, кемел ойдың иесі еді. Терең білімі мен тақуалығы жан дүниесін 
байытып, айналасына сәуле шашқан шамшырақтай болатын. Жан-
жақтан шәкірттер ағылып келіп, ұлы ғалымнан сабақ алуға тыры-
сатын. Атағы мен абыройы мұсылман елдердің бәріне тарап, сол 
кезеңнің үлкен ғалымдары да оның білімін мойындап жатты. Бір 
күні  халық  «Осыншалық  білімге  қалай  қол  жеткіздіңіз?»,  –  деп 
сұрағанда, Имам Ағзам былай деп жауап берген екен: «Төрт нәрсе 
арқылы: әуелі кездескен қиындықтарға есекше шыдамдылық таныт-
тым; ғалымдардың артынан бір елі қалмай итше ерумен болдым; 
мысықтар секілді білім табалдырығының айналасынан шықпадым; 
соңғысы таңға дейін қарғаларша көз ілмедім». Атақты имам жа-
уабында  бір  жағынан  терең  білімге  қалай  қол  жеткізгенін  айтса, 
екінші жағынан өзін осы жануарларға теңеп, қарапайымдылығын 
көрсеткен еді. 
Иә, білімге қол жеткізу үшін өте маңызды төрт мәселе керек-
ақ:  сабыр,  білімділерге  үйірсектік,  қарапайымдылық  және  аз 
ұйықтау
Балаларымызды білімді де парасаты мол етіп тәрбиелеу 
үшін жоғарыдағы асыл қасиеттерді олардың бойына сіңірген аб-
зал.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет