Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет55/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Балиғат жасы
Бойынан  балиғат  белгісі  (етеккір  мен  мәни) 
байқалған  күннен  бастап  қыз  бен  ұл  балиғат  жасы-
на  толған  болып  есептеледі.  Ал  егер  бұл  белгілер 
кешеуілдеп  жатса,  онда  жоғарыда  баяндағанымыздай 
көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша 15 жасынан 
бастап балиғатқа толған болып саналады. Балиғат жасы-
на толған бала балалық шақтан шығып, толығымен ере-
сек кісілердің қатарына қосылады. Ислам діні бойынша, 
балиғат жасына толғаннан бастап ол өз бетінше шешім 
қабылдай алады. Дербес жұмыс бастап, келісімшарттар 
жасасуына  да  болады.  Салық  төлеуге  міндеттеліп  бо-
лып,  қылмыс  жасаса,  жазасын  толық  өтеуі  тиіс  деп 
есептеледі. Балиғат жасына жеткен бала үшін бес уақыт 
намазын үздіксіз оқуы, ораза ұстауы, қаражаты жеткен 
жағдайда зекетін беріп, қажылыққа баруы парыз болып 
саналады.  Отан  алдында  борышын  өтеуі  үшін,  әскер 
қатарына  алынады.  Әке-шешесінің  бөлмесіне  рұқсат 
сұрап кіруі міндеттеледі. Жанұяның күн көрісі нашар 
болса, әке-шешесіне, қыз бауырлары мен балиғат жа-
сына толмаған інілеріне қарау да мойнына жүктеледі. 
Осы орайда, иісі мұсылман ата-бабамыздың: «Болатын 
бала он бесінде «баспын» дейді, болмайтын бала оты-
зында «жаспын» дейді» – деген тәмсілі ойға оралады. 
  Жетім  бала  осы  уақыттан  бастап  жетімдіктен 
шығады. Яғни, үлкен кісілерге парыз амалдардың бәрі 
балиғат  жасқа  толғандардың  бәріне  парыз  болады. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  бір  хадисінде  бы-
лай деген: «Үш адамға қалам жазылмайды (яғни мына 
үш  адам  жауапқа  тартылмайды):  балиғат  жасына 
жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы 


130
Исламдағы бала тәрбиесі
кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатқан адамға»
121
. Де-
мек,  бала  үшін  айтылған  «қалам  жазылмайды»  деген 
ұстаным балиғат жасынан бастап өз үкімін жояды. 
Сахаба Әнәс ибн Малик өзінің балиғат жасы жай-
лы  былай  дейді:  «Ихтилам  (мәнидің  сыртқа  шығуы) 
болған түннің ертесіне таңертең Пайғамбарымызға ба-
рып жағдайымды айттым. Ол маған: «Енді әйелдердің 
ортасына кірме» − деп бұйырды...»
122

121
 Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәуд, Худуд, 17.
122
 Табәрани, әл-Мужәмус-Сағир, 1-т., 94-б.


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет