156
Исламдағы бала тәрбиесі
күні балалардың үсті-бастарына қарап, әдемі киіндіріп
қоюды насихаттаған. Баланың мейрамды жан-тәнімен
сезінуін, сол күні өмірінің ең қуанышты сәттерінің
біріне айналуын қалаған. Пәк көңілді бала үшін де
өмірдің бір қызығы сол емес пе?! Адамның жан-
дүниесін жақсы түсінген Аллаһ елшісі баланың пси-
хологиясын ескере отырып, осындай ерекше күндерді
де тәрбие тұрғысынан тиімді пайдаланудың жолдарын
ата-аналарға көрсеткен. Ал ешкімі жоқ жетім бала-
ларды мейрам күні өзі киіндіріп, жұбайларына олар-
ды жуындырып, шаштарын тарап беруді әмір еткен.
Осылайша мейрам күндері жетім балалар бір бұрышта,
қоғамнан шеттеп қалмай, сол күні олардың ата-анасы
Пайғамбарымыздың жанұясы болып, олардың да
қуанышқа ортақтасуларына өз үлесін қосатын. Мұндай
күні жетім балалар өздерінің жетімдігін ұмытып, тіпті
Пайғамбарымыздың арнайы ықыласына бөленгені үшін
басқа балалардан қатты қуанатын. Пайғамбарымыз
тойға баратын кезде немерелерін, кейде қасында
қызмет етіп жүрген Әнәсті ерте кететін. Үйге қонақ
келгенде де кей жағдайда баланың дастарқан басын-
да үлкендермен бірге отыруына рұқсат берген. Сахаба
Амр ибн Әби Сәләмә осыған қатысты естелігін бы-
лайша тілге тиек етеді: «Бала кезімде Расулаллаһтың
бөлмесінде отырған едім. Тамақ жеген кезде қолымды
табақтың әр жеріне бір жүгіртетінмін. Сонда Расулаллаһ
маған:
«Балам, тамақты «бисмиллаһпен» баста және
Достарыңызбен бөлісу: