151
Тәрбие тармақтары
нәрселерді таңда. Шындық көңілге сенімділік пен
жайлылық, ал өтірік болса жайсыздық ұялатады»
148
.
Пайғамбарымыз өзінің қолында өскен Әнәстің
(р.а.) мінез-құлық тәрбиесіне де мол үлес қосқан. Ең ал-
дымен бала Әнәсті сыр сақтауға үйретті. Хазірет Әнәс
естіген сырларын тіпті анасына да айтпайтындай берік
болып өсті.
Бір күні оған Пайғамбарымыз былай деп үйретеді:
«Әй, балам! Үйіңнен шыққан кезде жолда кездескен
мұсылмандардың бәріне сәлем бер, үйіңе оралғанша
күнәларың кешіріледі.
Әй, балам! Өз үйіңе кірген кезде де сәлем бер».
Тағы бірде:
«Әй, балам! Өзгелер жайында жамандық ойламас-
тан таңды атырып, кешті батыруға тырыс. Егер
осыған әдеттенсең, ертең есебіңді оңай бересің..»
149
,–
дейді.
Хазірет Әнәсқа айтқан келесі бір өсиетінде:
«Мұсылмандардың үлкендеріне құрмет, кішілеріне
ізет пен мейірімділік көрсет»,– дейді. Осылай-
ша хазірет Әнәстің бойына сыпайылықтың нәрін
егеді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осындай
өсиеттерімен қасынан бір елі айрылмаған Әнәстің
мінезін көркейтіп қана қойған жоқ, құлшылықтарын
да мінсіз орындауға баулыды. Сол мақсатпен айтқан
тәрбиелік сөздерінде былай деді:
«Әй, балам! Шамаң келгенше намазды таста-
ма. Сонда саған періштелер ылғи да рақымдылық
Достарыңызбен бөлісу: