Әке естелігі Ұлымның ең жақсы көретін ойыншығы құрастырмақ бола-
тын. Бөлшектерімен әртүрлі нәрселерді құрастырғанды ұнататын.
Қолым тиген кезде мен де қасына отырып бірге ойнайтынмын.
Тағы қандай нәрселер жасауға болатынын үйретуге тырысатын-
мын. Екеуміз бірге отырып ат, түйе, ракета, робот, т.б нәрселерді
құрастыратынбыз. Бір күні осылай ойынның қызығына беріліп
отырған сәтте ұлым:
– Әке, мен сізден ең қатты нені жақсы көремін, білесіз бе? –
деді. Ойламаған жерден қойылған сұраққа тосырқап қалғанымды
көргенде, балам өз-өзіне сенімді түрде:
– Менімен бірге ойнаған кездеріңізді! – деген еді.
(Жантен Кая)