173
Тәрбие тармақтары
Қазіргі таңда дәрігерлер көптеген жүйке ауруларына да
қатысты ем ретінде атқа мінуді қолданып келеді. Со-
нымен қатар атқа міну баланың денесінің шымыр боп
өсуіне, әрі бойына батырлық рухын сіңіруде де өзіндік
орны бар екенін ұмытпаған жөн.
Күрес
Баланың денесін шынықтыру үшін қажетті
спорт түріне күресті де жатқызуға болады. Оны да
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ата-аналарға
хадистерінде айтып, өсиеттеген. Мұхаммед ибн Әби
Алиден жеткен мүрсәл бір хадисте хазірет Хасан
мен Хұсейіннің (р.а.) Пайғамбарымыздың алдында
күресетіндіктері айтылады. Сонда Пайғамбарымыз
Хасанға жақтасатын көрінеді. Оның себебін
сұрағандарға «
Хұсейінге Жәбірейіл көмектесуде, мен
болсам Хасанға көмектескенді ұнатамын» деп жауап
берген екен
165
.
Ибн Хишамның жеткізген бір мәліметі бо-
йынша Пайғамбарымыздың өзі де күрескен. Сол
кездегі Меккенің атақты балуаны Руқәнә ибн
Әбди Язид мұсылман болу үшін мұғжиза ретінде
Пайғамбарымыздың өзімен күресіп, жауырынын жерге
тигізуін талап етеді. Айласы мен күшіне сенген Руқәнәні
Пайғамбарымыз алып ұрып, таң қалдырады
166
.
Достарыңызбен бөлісу: