Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет82/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   101
емделу шаралары
Ислам  дінінде  емделудің  маңыздылығы  жоғары. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  ауырған  адам-
дарды  емделуге  шақырып,  әрбір  кеселдің  бір  ши-
пасы  бар  екенін  жеткізеді:  «Аллаһ  тағала  дауа-
сыз  дерт  жібермеген.  Әрбір  ауру  үшін  шипасын  да 
жіберген»,
202
 «Уа, Аллаһтың құлдары, ауырсаңыздар, 
шипа іздеңіздер! Себебі, Аллаһ әрбір дерт үшін шипа 
жаратқан. Емі жоқ дерт – кәрілік»
203
.
Пайғамбарымыз аурулардың емделуі үшін дәрігерге 
қаралуын  өсиет  еткен.  Ауырып  қалғандарға  кейде 
адам жібертіп дәрігер шақыртқан. Өзінің де дәрігерге 
қаралған кездері болған. Егер екі дәрігер болса, екеуінің 
ішінен  ең  білімдісін  таңдауды  айтып,  мұсылмандарға 
жол көрсеткен. Сонымен қатар сол кезеңде кең таралған 
кейбір  ем-шараларды  қолдануға  сахабаларға  рұқсат 
беріп  отырған.  Бірақ  Пайғамбарымыз  шипа  үшін 
көбінесе Құранға жүгінетін. «Ең қайырлы ем – Құран»
204
 
«Сендерге екі емді өсиет етемін: бал және Құран»
205
 
деген сөздері осының айқын дәлелі. 
Ем-шараларды қолданумен қатар Пайғамбарымыз 
ауырған адамдарды сабыр сақтауға шақыратын. «Кісіге 
келген  қиыншылықтардың  бәрін  Аллаһ  тағала  сол 
адамның  күнәларына  кәффарат  (өтем)  етеді,  тіпті 
202
 Бухари, Тыбб, 1.
203
 Тирмизи, Тыбб, 2.
204
 Ибн Мажә, Тыбб, 41.
205
 Мүстәдрак, 4/403.


193
Тәрбие тармақтары
табанына  бір  тікен  батса  да»
206
.  Енді  бірде  көз  жа-
нарынан  айрылған  адамға  сабыр  сақтаған  жағдайда, 
сабырының  сыйы  ретінде  жаннатқа  қол  жеткізетінін 
айтып  қуантқан  болатын
207
.  Сондай-ақ,  ауырған 
адамдардың  хал-жағдайын  білу  үшін  үйіне  барғанда 
ауруларының күнәларының төгілуіне себеп болатынын 
айтып, көңілдерін тыныштандыратын.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 ауырған адам-
дарды  емдеу  барысында  жейтін  тағамына  көп  көңіл 
бөлетін.  Мұны  қазіргі  тілмен  диета  сақтау  десек  те 
болады.  Егер  біреудің  ыстығы  көтеріліп  ауырса,  оған 
дереу ұн, су және май қосып сорпа жасап ішкізуді ту-
ыстарына  ескертетін.  «Сорпа  аурудың  жүрегіне  қуат 
береді, бейне бір сумен беттің кірін тазалағаны секілді 
сорпа да ауруды айдайды» – деген
208
. Осы айтылғанды 
бұлжытпай орындаған алғашқы мұсылмандар үйлерінде 
біреу  ауырып  қалса,  дереу  сорпа  қайнатып  ішкізетін. 
Хазірет  Айша  (р.а.)  жанұяларында  ауырған  жан  бол-
са, сол жазылғанға дейін немесе қайтыс болғанға дейін 
ошақтарында  үнемі  сорпа  қайнап  тұратынын  айтқан. 
Сонымен  қатар  Пайғамбарымыз  ауырған  адамдарға 
«тәлбинә»  деген,  сүт,  ұн,  бал  қосылып  жасалған  сор-
паны  ішкізуді  де  бұйырған.  Ол  жайында:  «Тәлбинә 
ауырған адамның жүрегіне тыныштық беріп, уайым-
қайғысын  басады»  деген
209
.  Ал  енді  ғана  ауруынан 
айыққан адамдарға тәттіге көп әуес болмауды ескерт-
кен. 
206
 Бухари, Марда, 1.
207
 Бухари, Марда, 1.
208
 Ибн Мажә, Тыбб, 5.
209
 Бухари, Тыбб, 8.


194
Исламдағы бала тәрбиесі
Ауырған  адамның  диетасы  жайлы  айтқан  келесі 
хадис  те  терең  мазмұнды:  «Ауруларды  ішіп-жеуге 
қинамаңдар. Себебі, Аллаһ оларды қоректендіруде»
210
. 
Осы  хадиске  байланысты  мұсылман  дәрігерлер: 
«Науқастың  тәбетсіздігі  дененің  аурумен  күресуіне, 
бойда  күш-қуаттың  азаюына  байланысты  туындай-
ды.  Ауру  адамды  тамақ  жеуге  қинау  ағзаның  табиғи 
жұмысына  кедергі  келтіреді.  Ағза  аурумен  күресуді 
тоқтатып,  күшін  тамақты  сіңіруге  жұмсай  бастайды. 
Бұл пайда емес, қайта керісінше зиянын тигізеді» деген 
екен
211
.
Пайғамбарымыздың  ауру  адамдардың  диетасы 
жайлы айтқан келесі өсиеті – мүмкін болған жағдайда 
олардың  жаны  нені  қаласа,  сол  тамақтан  аздап  бол-
сын  жегізу  болатын.  «Үйлеріңдегі  ауырған  адам  бір 
нәрсе жегісі келсе, сол нәрседен жегізіңдер»
212
. Соны-
мен  қатар  кейбір  науқастарға  бір  уақыттарда  қалаған 
нәрсесін көп жеуге тыйым салғаны да бар. 
Пайғамбарымыздың  көп  қолданған  ем-шара-
ларының бірі − оқыту болатын. Егер кішкентай бала-
лардың  ауырып  жылап  жатқанын  көрсе,  оларды  көз 
тиюге  қарсы  оқытуды  ата-аналарына  бұйырған.  Тіпті 
хазірет  Айшаға  да  осы  жөнінде  әмір  берген  бола-
тын. Өзі де көз тиюге қарсы Муаууиззатәйнді (Фаләқ 
және  Нас  сүрелері)  оқып,  үстіне  үпіретін.  Бірақ 
оқитын адамдардың не оқитынына қатты мән берген. 
Оқыған  кезде  күпірлікке  қатысты  сөздердің  болмау-
ын жіті қадағалаған. Пайғамбарымыздың осы әрекетін 
басшылыққа алған ғұламалар Құран аяттарын, белгілі 
210
 Тирмизи, Тыбб, 4.
211
 Зәхәби, әт-Тыббун-Нәбәуи, 113-б.
212
 Ибн Мажә, Тыбб, 2.


195
Тәрбие тармақтары
дұғаларды  және  зікірлерді  оқи  отырып  дем  салуға 
рұқсат бар екенін айтады. 
Пайғамбарымыз кейбір науқастарға басқа үйге, ал 
кей  жағдайда  ауа  ауыстыру  үшін  басқа  елді  мекенге 
көшуге кеңес беретін. Ыстығы көтерілген кезде суық су-
мен дененің ыстығын басуды бұйыратын. Адамдардың 
жартылай  көлеңке,  жартылай  күн  болып  тұрған  жер-
де отырмауын, аш қарынға су ішпеуді, улы жәндіктер 
шаққан кезде де дем салдыруды, асқазан ауырғанда ішті 
айдайтын дәрілер қолдану арқылы ішектерді тазалауды, 
іш өткенде бал жеуді, аяғы ауырғандарға қына жағуды, 
басы ауырғандарға қан алдыруды т.б. дәрігерлік наси-
хаттарды айтатын. 
Пайғамбарымыздың кезеңінде балалардың тамағы 
ауырғанда  кейбір  әйелдер  саусақтарына  мата  бай-
лап,  тамағындағы  бездерді  сығып  жұлып  алатын. 
Бұны  көрген  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

«Балаларыңды (тамақ бездерінің қабынуынан құтқару 
үшін)  бездерін  сығып,  оларды  қинамаңдар.  Уд  бах-
римен  (шөптің  аты)  емдеңдер»
213
  –  деп,  балалардың 
жанын  қинауға  тыйым  салған.  Ауырған  балалардың 
жанын  одан  сайын  азаптамай,  шөп  дәрілер  арқылы 
емдеуді  дұрыс  көрген.  Өзі  де  немерелері  Хасан  мен 
Хұсейіннің  денсаулығына  қатты  мән  беріп,  оларды 
шайтанның,  улы  жәндіктердің,  көздің  кәрінен  сақтау 
үшін Аллаһ тағалаға дұға жасап, кейде оларға өзі дем 
салып отырған
214
. Сонымен қатар басқа балалардың да 
ауырғанын көрсе дереу емдетуді айтатын. 
213
 Бухари, Тыбб, 23.
214
 Ибн Мажә, Тыбб, 36.


196
Исламдағы бала тәрбиесі
Бір  күні  Умму  Сәләмәның  қасына  барғанда  жүзі 
солғын тартқан бір қызды көрген. Іле оған көз тигенін 
сезіп, дереу оқытуды бұйырған. 
Ем-шараларда  үнемі  тек  адал  нәрсені  қолдануды 
дұрыс көрген. «Аллаһ харам нәрселерде шипа жарат-
пады»,  «Харамды  ем  ретінде  қолданбаңдар»
215
  деген 
өсиеттері  арқылы  мұсылмандарға  емделу  барысында 
харам нәрселерден бойларын аулақ ұстауды ескерткен. 
Ем ретінде арақты қолданғысы келгендерге: «Ол шипа 
емес, керісінше ауру» деп тыйым салған
216
.
Әркез  мұсылмандарға  денсаулыққа  көңіл  бөлуді 
өсиеттеген.  Керек  кезінде  дәрігерге  қаралуды,  кей 
жағдайда ауруларға өзі жөн-жосық сілтеп, халық ара-
сында қалыптасқан емдік шараларды қолдануды өсиет 
ету  арқылы  шипа  іздеуді  мұсылмандарға  ескертіп 
отырған.  Сонымен  қатар  ауырған  адамдарға  са-
быр  сақтауды,  Аллаһқа  дұға  жасау  керектігін  естен 
шығармауды бұйырған.
215
 Әбу Дәуд, Тыбб, 11.
216
 Ибн Мажә, Тыбб, 27.


197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет