Құдайберген Нұржауар Бақытжанқызы 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті ҚазҰлтҚызпу ғылыми жетекшісі: ф.ғ. д., проф. Көшекова А. А



бет2/4
Дата17.04.2023
өлшемі30,58 Kb.
#83404
1   2   3   4
Байланысты:
нұржауар

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға қайсар қайраткер,қажырлы сыншы Сағат Әшімбаев әлемінің болмысын,жаратылысын танып білу.
Адамның ең асыл қасиетін анықтайтын тіршіліктің мәнін,дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип.Заңның да,заманның да,адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш екендігін айту.


Зерттеудің жаңалығы:
Сағат Әшімбаевтың әдеби сынының ерекшелігі-ол тек шығарманың мазмұнын баяндап,кейіпкерлеріне оңды-солды баға беру емес,шығарманың философиялық,психологиялық тұрғыдағы ізденістері мен түйген ойлары жайлы терең талдаулар жасауы.
Журналистік қызметіне байланысты бірнеше авторлық хабарларын жүргізгенде ащы шындықтарды бүкпесіз айтып жариялауы.


«Жүк ауырын нар көтерер,Сөз ауырын ер көтерер»демекші,сөз ауыры-сынды да сындарлы азамат қана көтере алар,-деп Сағат атамыз айтқандай Қазақ әдебиеті мен қазақ сынының беделін көтерген С.Әшімбаев (1947–1991).
1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданында (бұрынғы Нарынқол ауданы) дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Баспасөз бетіне оның алғашқы тырнақалды мақалалары
1966–1967 жж. аудандық «Советтік шекара», облыстық «Жетісу» газеттерінде жарияланды.
Сағаттың шығармашылық өмірі, атап айтқанда, біз сөз еткелі отырған қазақ әдеби сынына арнаған өмірі де қысқа болды. Өмірге құштарлығы, күнделікті істеген ісіне қанағатсыздығы оны неғұрлым көп нәрсені қамтуға ұмтылтты. Ол әдеби сын мақалалар жазумен ғана шектелген жоқ, әдебиетке, жалпы өнер атаулыға қатысты еңбектің алуан түрімен айналысты.
Қоғамдық жұмыстар да атқарды, баспасөз, автор құқын қорғау, радио және телерадио салаларында қызмет істеді, ақырында осы соңғы аталған саланың бүкіл республикалық жүйесін басқарды, үкімет мүшелігіне өтті. Әрдайым биік-биік мінбелерден, көгілдір экраннан сөз сөйлеп, әдебиет пен өмірдегі биік мақсат-мұраттың, парасаттылықтың, азаматтықтың жалынды жаршысына айналды.
Республикалық баспасөз беттерінде қазақ жазушыларының әр жанрдағы кітаптары, драматургия, театр өнері жайында көптеген мақалалары, рецензиялары жарияланды. «Сын мұраты», «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық» атты әдеби-сын мақалаларының жинақтары шықты.
Тіл арқылы әдебиет жасалып қана қоймайды,әдебиет арқылы тіл де дамиды.
Демек,әдебиеттің дамуы тілдің дамуының негізгі факторы.Ал бұл екеуінің қос-қабат дамуы-ойдың дамуының қозғаушы күші
Сөз асылы сөзден туады.
«Аса бір құдіретті нәрсе бар, ол-тіл. Содан біз айырылған күні жерден де айырыламыз, елден де айырыламыз. Тұрмыстан да айырыламыз. Сондықтан да біз тілді сақтау арқылы жанымызды, қанымызды сақтаймыз. Қанымызды сақтау арқылы қазақ деген ел ешқашан өлмейді, өшпейді»,-деп өзінің жанашырлық лебізін білдіреді.
Тілдің құдіретін сақтай білген. Тәуелсіздік алмай тұрып, кереғар заманда өмір сүрсе де, аумалы-төкпелі уақытта өз ойын ашық айтып отыр. Тіл жанашыры, Отанының жан күйері деп анық айта аламыз.
Бәріміз білетін бір ұғым: талант-тумысынан пайда болады. Сағат-сағатша соғып тұрған ерекше талантты адам болған. Талантты адамның, өкінішке орай, өмірі қысқа болады.
Мысалға, Ш.Уәлиханов, С.Торайғыров т.б. ерте кетіп қалғандығына дәлел бола алады. Сағат Әшімбаев өмірі қысқа болғанмен, оған арнайы тақта орнатылып, көше атауы, туған жері Райымбек ауданында мектеп атауы берілеген. Сағат өмірінде өр мінезді, елім, жұртым, ұлтым деп өмір сүрген адам.
Зейнолла Қабдоловтың пікіріне сүйенсек, беретін бағасы ерекше, мысалы: «Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, біз жанбасақ лапылдап, аспан қалай ашылмақ?!» деп еліне, жұртына, егемендігіне деген махаббатына жанып кеткен Сағат Әшімбаев-біз үшін қайталанбас тұлға.
Асанқайғы, Ақтамберді, Бұқар, Махамбеттер-Сағат үшін ұлттық ойдың бір-бір алтын тіреуі болса, Абай-сыншының алпыс екі тамырын қуалап, қанына сіңіп, ойына кірігіп кеткен өміртану мен дүниетанудың теңдесі жоқ үлгісі.
Сағат соңғы жылдары Абайға көбірек жүгініп, өмірдегі көп сауалға жауапты Абайдан тауып: «Абайдан артық ақын, Абайдан асқан данышпан да, кемеңгер де жоқ. Абай биігі, Абай тағылымы-арманым»,-дейтін.
Көрермен көңіліне жол тауып, елді елең еткізген Сағаттың әр хабары қоғамдық ықылас туғызатын, әрі соған пара-пар дау-дамай да өршіп сала беретін. Жалпы, көкіректерін қызғаныш пен көреалмаушылық кернеген қарсыластары оның ісіне, сөзіне, көтерген мәселелеріндегі артық-ауыс кеткен сөздеріне тиісіп, кекетіп-мұқатып, тырнақ астынан кір іздеген арыз-хаттар қардай борап, пікір туғызып жататын. Әрине, кімге пайда болушы еді,-жоғары жаққа, Орталық Комитетке де. Қазақ ғадетіне сіңісті болып, қалмай келе жатқан осының бәрі оқшау шыққанды, қолдан келмесе шалғайдан жармасу секілді кесапатты өз көзімен көріп, бастан кешу жазылыпты оған. Күйінген де болар. Налыған да болар. Әйтеуір, ол ішкі ұйқы-тұйқы сезімдерін ақтарып, қайран қалып, қапаланып та отыратын. Ондайда оның рухани демеу іздегені, өзі пір тұтатын қазына-байлықтарға, ақыл-парасаты нұр шашқан ұлыларға жүгінгені күмәнсіз. Содан болар, соңғы жылдары Абай өлеңдеріне бас қойып, Абай тағылымдарына ден қоя үңілуден жалықпай, олан алған сабағын, түйген пайымын бойына барынша сіңіріп, өмір құбылыстары, адам мінез-қарекеттері жайлы өз ойларын ақ қағаз бетіне түсіруден қанағат тауып, қанын ішкені оның ішкі жан әлемінің болмысын көрсетеді. Абай – мәңгілік. Өзі айтқандай, Абай – жұмбақ. Әр буынның өз Абайы бар. Әрбір адамның өз Абайы бар. Көп зерттелген Абай жаңа зерттеушісіне оңайшылықпен ішін аша қоймайды. Сағат аға Абай поэзиясына бара алған. Сан сауалмен, өзіндік дербес проблемамен барған Сағаттай ойшыл сауалына жауап алған, проблемасына шешім тапқан. Сөйтіп, өз Абайын ашқан! Толғаныс – қайырлы дүние! Абайдай ұлы ақын рухани мұрасы Сағаттай сыншыға қазына болып жолықты. Абайды ашу мақсатындағы ізденіс оны Адам аталатын құдіреттің жан жұмбағын ашуға бағыттады. «Жігіттер, Абайды үнемі оқып отыру керек екен»,-дейтіні де шын сыры еді. Абай сынаған құбылыстардың ортамызда әлі жүргенін еске салып, ұлы ақын сыншылдығының сабағын жаңа ұрпаққа үлгі етті. Оның сын мақалаларында көтерілген проблемалардың көпшілігі осымен байланысты адамның азаматтық позициясының беріктігі, моральдің биіктігі, жазушының әлеуметтік шындықты зерттеуінің қажеттігі сияқты мәселелерге құрылды. Оны «Әдебиет және мораль», «Азаматтық шындық-айқындауыш күш», «Азаматтық формуласы» сияқты еңбектерінен тану қиын емес. Осы негізінде Сағат өзі де азаматтық, сыншылық позициясы берік қаламгер боп қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет