«Парыз бен қарыздың» әр хабарынан кейін билік тарапынан қатты қысым болып,сөгістен сөгіс алып жататын.Осының бәрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы қиян-кескі кезеңнің көріністері болған.
«Қасиет пен қасірет» деген хабар жүргізу ойында бартын. Әрқайсысының жоспарын сызып, айтылар, қозғалар мәселелерді саралап, шоқтап жүрген..
Бұл Сағаттың көкейдегі үлкен мақсаты еді. Не керек, орындалмай қалды. Екінші бір ойы-«Қасиет пен қасірет» деген хабарлар шоғын жарыққа шығару болатын. Мұндағы мақсат: ұлттық дәстүрді білмеген жерде қасиет қасіретке айналды. Сыншының «Елін бөлген ер оңбайды, жерін бөлген ел оңбайды» деген жан айқай сөзі бар.
Бұған дәлел: біріншіден, осы жайында мына бір авторлық хабарында ашына сөйлегені, бірліктің аздығы, бөлініп-жарылудың қажеті жоқ екендігі, алтын мен алмастың бір жерден шықпайтындығы; екіншіден, жеті атасын білген дұрыс, жеті атасын білген жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген жарты елдің малын жер.
Елін бөлген ер оңбайды, жерін бөлген ел оңбайды.
Елін бөлген адам екі өлетіндігін, жерін бөлген адамның жеке өлетіндігін, көмусіз қалатындығын ашық айтқан.
Руға, жүзге, жікке бөлінгендерді жек көретін. Бірақ руын, жүзін білгенге қарсы емес-тін.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ әдебиеті» газеті