Құдайберген Нұржауар Бақытжанқызы 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті ҚазҰлтҚызпу ғылыми жетекшісі: ф.ғ. д., проф. Көшекова А. А


Сынның аты ащы болғанымен, заты тұщы



бет3/4
Дата17.04.2023
өлшемі30,58 Kb.
#83404
1   2   3   4
Байланысты:
нұржауар

Сынның аты ащы болғанымен, заты тұщы

Ия, Сағат Әшімбаевтің көп оқыған адам екендігі оның әрбір шығармасынан көрініп тұрады. Қазақ ғылымында үлкен орны бар, әсіресе ұлы Абай мен М.Әуезов еңбектерін зерттеуге мол үлес қосып жүрген терең ойлы ғалым Мекемтас Мырзахметовтың айтуынша, жазушы шығармаларын зерттеу үшін алдымен оның жеке кітапханасына үңілген жөн. Бұл пікір өте орынды пікір. Сағаттың артында бай кітапхана қалды. Оны Сағаттың сүйген жары, талантты жазушы Шәрбану Бейсенова көзінің қарашығындай көріп, сақтап отыр.


Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин ол туралы естелігінде: «Мен білетін Сағат мақсатты ыңғайда, жүйелі түрде оқитын. Конспектілеп отырып, тиянақтап оқитын.»
Сағаттың үйіне барған адамның көзіне ең алдымен төрт қабырғаны алып тұрған көп кітаптар түседі. Сөрелерге сыймай қалғаны қаншама. Осылардың ішінде Сағаттың белгі салмағаны жоқ та шығар. Ол сатып алған немесе авторы сыйлаған әдебиетті оқып шығуға тырысатын. Тіпті тамақ ішіп отырғанда да қолынан кітап түспейтін. Ол кітапсыз өмір сүре алмайтындай дәрежеге жеткен. «Соншама әдебиетті оқып шығуға бір адамның ғұмыры жетпейді ғой. Осынша кітапты неге жинай береді екен?»-деген пенделік ой кімге де болса келер. Кітаптың құдіреті, кітаптың мысы деген ұғымның мәнін түсінген адам, әрине, бұлай демес еді. Осыншама рухани қазынаның арасында өмір сүру кез келген пендені дүниеқоңыздықтан, тоғышарлықтан сақтандырады деп ойлаймын. Кітаптың сондай бір ерекше қасиеті барлығына менің еш күмәнім жоқ.
Осындай пәлсапамен өмір сүрген Сағат үйіне бүкіл әлемнің рухани қазынасын жинады. Кітап қат заманда ол сенбі, жексенбі күндері таң атар-атпастан қара сумкасын көтеріп, «қара базарға» кетіп бара жататын.-дейді жиырма жылдай көрші тұрған жазушы, драматург Баққожа Мұқаи.
Талантына талантын, біліміне білімін қарсы қойып сырласады. Сондықтан да сын жанрына қойылар талап әдебиеттің өзге жанрына қарағанда алабөтен. Әлде бір әдеби тенденция турасында айтып отырып, өзің мәсе­ленің қойылысына деңгейлесе алмасаң – мәдениетсіздіктің көкесі сол. «Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» Сондықтан, кім жай­ында, не жайында сөз сабақтасаң да алдымен сенің аузыңнан шығар сөз білім сөзі болуға, мәдениетке шақырған мәдениетті сөз болуға тиіс. Сын – әдебиеттегі қанаттас, қаламдас, әріптестеріңе жол көрсететін жетекші жанр. Жетекші болу қайдан оңай болсын?! Жазушының алдына түсіп сөйлеу де сенен, жазушымен сырласып сұхбаттасу да сенен. Соның баршасы сыншы тұлғасы арқылы айтылады, сыншы тұлғасы арқылы жасалады. Демек, әдебиет сыншысы, белгілі дәрежеде, қоғам алдында отыруға тиісті тұл­ға. Өйткені, белгілі бір кезеңдегі әдеби-эстетикалық талғам қа­лыптастырушы тұлға – әдебиет сыншысы.
«Сын-өнер,-дейді Сағат.-Сын-уақыт қажеттілігінен туған, қоғамдық, эстетикалық, философиялық ой-сананың өзгеше бір формасы».
Одан әрі оқысақ:
«Сыншы таланты-аса сирек талант. Сыншылық екінің бірінің қолынан келе бермейтін қиын өнер. Сыншы-өз кезіндегі бүкіл қоғамдық озық ойдың насихаттаушысы. Сын мен сыншы, сын және әдебиет...» Бұл салада да айтқандары көп:
«Әдебиетті сын жасамайды...үлкен сын, үлкен әдебиеттің қасында ғана дүниеге келмек,»-дейді Сағат 1969 жылы 22 жасында жазған бір мақаласында.
Бірде ол Әзілхан Нұршайықовқа:
-Қазіргі сынымыз өте төмен деңгейде. Ал мен осы сын мәселесін көтеруге атсалысам,-деген екен. ҚазМУ-дің бірінші курсінде оқып жүрген Сағат сол айтқанында тұрды. Сынға үзбей қалам тарта жүріп, бірнеше кітап шығарды. Қазақтың әдеби сынына жаңа, өзіндік леп әкелді. Әдебиет сынымызға философиялық сипат беруге алғаш қалам тартқан Әшімбаев Сағат болды деп батыл айта аламын. Оған дәлел, оның 1985 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Парасатқа құштарлық» атты кітабы болса керек. Осы кітабында Сағат: «Сын-өнер, Сын-уақыт қажеттілігінен туған қоғамдық, эстетикалық, философиялық ой-сананың өзгеше бір формасы,»-деп жазды. Бұл оның әдеби сындағы меже-мерейі еді.
Әдебиетке биік талаппен қараған Сағаттың қазақ әдебиетінің туындыларын көркемсөз өнері жайлы биік ұғымдармен салыстыра қарап зерттуі де көңіл аударады. Ол жаңаның бәрін қолпаштай берген жоқ. Оның көзқарасында «сыншылдық» басым болатын. Жазушылық шеберлік мәселесін сөз еткенде, сыншының қайтып айналып Ғабит Мүсіреповтың тәжірбиесіне соға беретіні сондықтан. Ол осы жазушының көркемдік ізденістерін, шеберлігін үлгі тұтты. Жаңа шығармаларындағы (соңғы әңгімелері, «Кездеспей кеткен бір бейне») символикалық, романтикалық сипаттардың көріністері мен поэзияға тән сезім, нәзік пернелерді баса білген тапқырлығын, ойшылдығын, сезімталдығын, яғни ақынжандылығын баса көрсетті. Бұдан дәстүрлі реализмнің жаңа сапалармен баюын көрді. Ол көркем шығарманы асығыс жазуды құптамады, «полуфабрикаттардың» көбейіп кеткеніне реніш білдірді. Сыншы Ғабит Мүсіреповпен сұхбаттасқан болатын. Ол әңгіме «Лениншіл жас» газетінің 1972 жылғы 17 наурыз күнгі санында «Ғабит ағамен 227 минут» деген көлемді мақала болып шықты. Мен бұл мақаланы толық оқып шықтым. Сағат өзін толғандырып жүрген бірнеше сұрақ қояды Ғабеңе. Мен мақаладағы екі нәрсеге назар аударғанмын. Бірі-жас таланттар туралы жанашырлық сұрақ, оған берілген ойлы, ақжарма жауап. Әсіресе, Ғабеңнің «жастарға зор сенім артып, келешектерінен келелі үміт» күтетінін, жәрдемін аямайтын Б.Майлиннің қамқорлығы жөніндегі сыралғы сыры қатты әсер етті. Енді бірі-шовинистік пиғылдағы кейбір басшыларға ұнай қоймайтын сұрақ пен жауап еді. Қазақ тілінің қашан да қағажу көріп жүргені өз елін шын сүйген әр азаматтың қабырғасын қайыстырғаны рас. Бұл туралы мен жоғарыда айтып кеткенмін.
Бұл уақытта ол әдебиет сыншысы ретінде кең таныла бастаған. Мақалалары өз алдына, «Сын мұраты» кітабы оқырман көзіне ілінді, интеллектуалды азаматтардың назарын аударды. Сыншы болу-қиынның қиыны. Жалпы айтып, жалтара сөйлесең, "мүйізі қарағайдай" жазушылардың ренішін тудырасың. Қаламгердің өзіне тән ерекшелігін тап басып айтпасаң, сыншы емес деген әңгімеге қаласың. Батылдау болып, батыра сынасаң, «жауыңды» көбейтіп аласың, алакөзбен ата қарап, алыстан осқырына қарайтындар шығады. Сыншы жанашырлықпен турасын айтса да жақпайды.
Қоғамдық жүйе мен мемлекеттік идеологияға құылған телебағдарламалары
Қазақ теледидарында бірнеше хабарға ұласқан «Жүректен қозғайық» атты ғибраты мол басқосулар жарасымды, табиғи үйлесімін тауып еді. Бұл «бауырмалдығы мен білімдарлығы», «жанам деген жүрекке от береміндігі» де еді.
Аталмыш хабар көп көңіліне жол тапқан «Парыз бен қарыздың» алғашқы бастау, баспалдағы болды.
Оның төл идеясын алып шыққан «Парыз бен қарыз»-қазақ халқының ең сүйіп көріп, қолдаған хабары болғаны даусыз.
«Парыз бен қарыз» қандай хабар? Бұл – сипаты жағынан ағартушылық хабар. Көтерген мәселесі жөнінен – сынға құрылған проблемалық хабар. Материалды, деректерді жинақтап беруі жөнінен – талдау мәнеріндегі философиялық толғаныс. Бұл – кемшілікті коллективтік формада көру. Бюрократизмге көп болып қолдасып жасалған шабуыл. “Парыз бен қарыз” Сағаттай азаматтың халық қасіретіне жанын жамау еткен, халық қасиетіне жанын жалау еткен ерекше тындырымды бір ісі! «Парыз бен қарыз» хабарының он екі санында халықтың қаншама қасіретін айтып, қаншама қадір-қасиетін насихаттады?! Сақталған он сағаттық хабардың өзінде қаншама ой айтылған десеңізші! Ал, тұтастай алғанда «Парыз бен қарыз» хабарына ұзын-ырғасы қазақтың әр саланың қаймағы дерлік жүзге тарта зиялысы қатысып ой толғапты. Қамтылған мәселелерін қараңыз: «Азаматтық парыз», «Интеллигент деп кім­ді айтамыз?», «Демократия мен бюрократия», «Жариялы­лық жайлы ойлар», «Қайта құру және интеллигенция», «Ұлт­тық сана және рухани бірлік», «Ұлт тілінің тағдыры» секілді мәселелер. Хабарға ақын, жазушы, философ, юрист, географ, социолог, тарихшы мамандар қатысқан.
Басына қандай сынақ түссе деөзінің ұстанған бағытынан,шыншылдығынан,ұлтының мүддесіне деген адалдығынан айнымады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет