«Құдайдың қаһары Аттила»



Дата25.11.2023
өлшемі14,11 Kb.
#128120
Байланысты:
Құдайдың қаһары Аттила


«Құдайдың қаһары Аттила»

Тарих – әрқашанда өткенге көз жүгіртіп, адамзат өміріндегі көптеген оқиғалар қатарын өзіне жасырып, шегі жоқ қорларында сақтап отырады. Уақыт өте, заманның белестерін үлес қосушылары мен қиянат жасаушы өкілдерін, ұлы жаңалықтар мен мұңды оқиғаларды бейнелейтін кезеңдерді аққағаз беттеріне түсіріп, бізге жеткізуде. Ерте замандарда тайпа қоғамдастығы пайда болып, ел-жұрт ретінде қалыптасты. Осы ел-жұрт ретінде қалыптасқан бірлестіктерден атақты және адал басшылар, даңқты батырлар дүниеге келіп, өз елінің қамқорына айналды және халықтың мақтанышы болды. Халық қамқорлары ғасырлар бойы жыр мен дастандарда айтылып келді.


Жоғарыда айтылған тайпалық бірлестіктерден өте қуатты, рухы жоғары, өзіндік салт-дәстүрі басым мемлекеттер жер беттерінде көріне бастады. Сол мемлекеттердің ішінен ерте кезеңдерде Египет, Қытай, Грекия, Рим, Парсы, көшпенді Сақтар секілді мемлекеттер өзіндік мәдениеттерімен дамып, өркениеттерге үлес қосса, әңгіме қылатын Ғұн мемлекеті әлемнің күрт өзгеруіне әкеліп, жаңаша байланыстарды туғызды.
Шығыстан шыққан көшпенді Ғұн мемлекеті батысқа қарай бет алды. Жол бойында көптеген тайпа және мемлекеттермен байланыс орнатып, бейтаныс мәдениеттерді дүниеге әкелді. Батысқа бет алу бойында Ғұн мемлекетін атақты басшылар мен қайсар-мінезді батырлар ел туын көкке көтеріп, дұшпандарға таптатпады. Көбісі ғұндармен санасып, одақ құруға ұмтылды. Қарсы шыққандар жеңіліс тауып, тарих беттерінен жойыла жаздады. Сонымен, жер шарының батыс бөлігінде жаңа көшпенді Ғұн мемлекеті пайда болды. Батыста пайда болған көшпенді мемлекетті одан әрі жылжытып, даңқын шығару үшін төрелік етушілер қатарынан есімі жарты әлемге танылған, империялардың қаһары – Аттила (Еділ) дүниеге келді.
Ғұндардың патшасы Аттила жастайынан әскери іске бейімделіп өсті, көшбасшылық қабілеттері де бірге дамыды. Көшпенді өмірдің қиындықтарына төзіп, қайсарлығы шыңдалды, рухты болып қалыптасты. Ел билеу ісіне шебер араласып, әскери қуаттылығын жоғарылатты. Халқына тыныштық әкеліп, олардан қолдау тапты. Бұл тек, тектілігі жоғары адамдардан ғана келетін іс.
Аттила патша өркениеті жоғары, әскери дамуы басым Шығыс және Батыс Рим империясына қауіп төндіріп, бұл елдердің әлем картасынан жойылып кететіндей үрей қалдырды. Шығыс Рим империясы Аттила қаһарынан қорқып, оған бас иді. Ғұн елімен достық қарым-қатынас орнатуға тырысты. Еуропадағы мықты империя Батыс Рим өзіне қауіп төнгенін сезініп, айналадағы көрші елдерден одақтастар іздеді.
Аттила патша батыл қадамдарымен Батыс Рим империясына бағыт алып, қарсыластарын Каталаун даласында кезіктіреді. Каталаун даласында болған ірі шайқас «Халықтар шайқасы» деген атпен тарихқа енеді.
Айта келе, тарих бізге құдайдың қаһарындай болған Аттила жөнінде өзіне жасырған бейтаныс беттерін ашып, шынайы оқиғаны жеткізген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет