0,5л өсімдік майының салмағы қандай? 900 кг/м3.
Адам салмағы 500Н жүкті көтере алады. Егер ыдыстың массасы 2 кг болса, адам көтеру үшін қанша сынап құю керек? с13,6103 кг/м3.
Салмағы 400Н бала салмағы 100Н кіртасты жоғары көтеріп ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен басып тұр?
Қорғасыннан жасалған кубтың қыры 10 см. Оның салмағы қандай? Қ11300 кг/м3.
Б-ТОБЫ
Сыйымдылығы 10л ыдысқа сүйық құйылды. Егер осы сұйықтың салмағы 80Н болса, оның тығыздығы қандай?
Массасы 60 кг адам, салмағы 40 кг жәшікті көтеріп келеді. Ол еденге қандай қысым күшін түсіреді?
С-ТОБЫ
Іші қуыс қалайыдан жасалған кубтың қырының ұзындығы 10см. Егер оның салмағы 51Н болса, кубтың ішіндегі қуыстың көлемі қандай болар еді? Қ7,3 г/см3.
Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 1 7/4
А-ТОБЫ
3 кН күш 600см2 ауданға біркелкі әсер етеді. Қысым (Паскаль есебімен) қандай?
Гидравликалық престің кіші поршеньіне 200 Н күш әсер етеді. Егер кіші поршеньнің ауданы үлкеніне қарағанда 25 есе кіші болса, үлкен поршеньге қандай күш әсер етер еді?
Гидравликалық көтергіштің үлкен поршеньінің ауданы 375 см2. Кіші поршеньнің ауданы қандай болғанда, оған 160 Н күшпен әсер етіп, салмағы 12 кН жүкті көтеруге болады?
Массасы 45 кг, ал бір аяқкиімінің табанының ауданы 150 см2болатын бала, еденге қандай қысым түсіреді?