Дайындаған: Алмуратова. М тексерген: Жансугурова. Б. Б 2023ж. Мазмұны



бет4/6
Дата21.04.2023
өлшемі43,68 Kb.
#84988
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
2.3. Экономика негіздері
Экономика (гр. Οικονομία — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.


Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.


Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.


2.4. Меншікті экономика
Меншік — өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» күбылыс. Бұл типтес күбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы молім — жадпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудщ сипаты, формалары және әдістерімен айқывдалады. Бұлар бір-біріне оте кұрделі өзара әсер етеді.

Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлар-дың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштык хал-жәй бүзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншікгің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуаддық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансүлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншікгің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет