Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.
Бағыттары
Фрейдизм
Этология
Социофобия
Фрейдизм — австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы, жыныстық елігу болып табылады. Мұндай елігу мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады
Этология(грек. ethos – әдет-ғұрып, мінез және logos – ілім) – жануарлардың мінез-құлқының биологиялық негіздерін зерттейтін ғылым. Этология ғылымы алғашқыда зоопсихология деп аталып, 20 ғасырдың 30-жылдары өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты
Социобиология - тірі организмдердің (адамдарды коса есептегенде) әлеуметтік мінез-құлқының биологиялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пон. Барлық тіршілік иелерінің, оның ішінде адамдардың іс-әрекетінің биологиялық негізін зерттейтін ғылыми бағыт, адам тіршілігіндегі биологиялық факторлардың мәнін абсолюттендіріп немесе тым асырып көрсететін казіргі социалбиологизмнің бір түрі.
әр алуан биологиялық түрлердің мінез-қылықтарын салыстырып, психогенетикалық көзқарас тұрғысынан психологиялық процестерді зерттеу, жануарлар қылықтары мен психологиясын зерттейтін психология ғылымының саласы. объектісі жануарлар болып табылатын кез келген психологиялық зерттеу
іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру. Биховиоризм ілімі ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған психология ағымы. Олар еш негізсіз, нақты дәлелсіз психологиялық болжаулық теорияларға қарсы шығып, адамның іс-әрекет дағдысын тіке күзету және нақты өлшеу арқылы адам психологиясын анықтауға болады деп есептеді.
Гештальт психология (нем. Gestalt - пішін, тұтастық)- шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Германияда пайда болған. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады
Психика туралы түсінік және оның пайда болуы.
Психика туралы түсінік. Психиканың түрлері, оның көріну формалары.
Психиканың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Психиканың атқаратын қызметі: сыртқы ортаны бейнелеу және мінез-құлықты реттеу.
Психиканың қалыптасу деңгейлері және сапасы. Психиканың пайда болуы туралы теориялар: антропопсихизм, панпсихизм, биопсихизм, нейропсихизм.
Психиканың қалыптасу сатылары және дамуы. Психиканың нейрофизиологиялық негізі. Жүйке жүйесі туралы түсінік.
Сана – психиканың ең жоғарғы формасы ретінде көрінуі. Сананың әлеуметтік маңызы. Өзін-өзі саналы сезіну. Санадан және санасыздық процестері.
Психикаға және санаға психотехнологиялық ықпал ету. Іс-әрекет және мінез-құлық. Мінез-құлық – адамның әлеуметтік маңызды әрекеттер жүйесі.