«Отан – отбасынан басталады»
Соғыс және еңбек ардагері Әбділбаев Тұрысбек атаның жанұясы ауылдағы өнеге, үлгі алатынорда – шаңырақ. 10 бала тәрбиелеп өсірген ардақты әке, үлгілі ұстаз. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған 50 жылдан аса қол ұстасып ғұмыр кешіп отырған Сара апа мен Тұрысбек ата сыйласымды, берекелі үлкен әулеттің ұйытқысы, тірегі. Тұрысбек ата 2006 жылы, ал жұбайы Сара апа 2005 жылы өмірден озады. Ақсуат ауылында жерленген.
Ұрпақтар жалғасты. Тұрысбек ата мен Сара апаның ұрпақтары (балалары) еліміздің әр жерінде еңбек етуде. Әр қайсысы білімді, өнегелі жанұя болып отыр. Ата – аналарының жарасымды ғұмырларын жалғастырушылар. «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілерсін», «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер, деген халық мәтелі сол кісілерге айтылғандай:
Нұртай Тұрысбек қызы – Қарағанды қаласында кооперативтік институтын бітірген. Ақмола облысы, Ақсу руднигінде тұрады. Зейнеткер.
Майкамал Тұрысбекқызы – КазПи-дің тарих факультетін бітірген. Алматыда тұрады. Зейнеткер.
Серікжан Тұрысбекұлы – Семей автомеханикалық оқу орнын бітірген. Қарғыба ауылында тұрады. «Тарбағатай колледжінде» өндірісте оқыту шебері болып қызмет атқарады.
Өміржан Тұрысбекұлы – Семей Зооветернарлық институтын бітірген. Ақсуат ауылында тұрады. Милиция майоры, зейнеткер.
Бауыржан Тұрысбекұлы – Алматы энергетика институтын бітірген. Тараз қаласында тұрады. Инженер-энергетик.
Ақмарал Тұрысбекқызы – семей педагогикалық институтын бітірген. Ақсуат ауылында тұрады. Мұғалім.
Алмас Тұрысбекұлы – Ақсуат ауылында тұрады. Ю.Гагарин атындағы орта мектепте мұғалім.
Нұртас Тұрысбекұлы – Ақсуат ауылында тұрады. Ауған соғысының ардагері. Жоғары білімді.Аудандық әскери комиссариаттан зейнеткерлікке шыққан. Әскери шені –подполковник.
Ақтоты Тұрысбекқызы – Астана қаласында тұрады. Жоғарғы білімді фармацевт.
Бақытжан Тұрысбекұлы – Қарғыба ауылында тұрады. Жоғары білімді. Жеке кәсіпкер.
1998 жылдың 8 мамырынан бастап Қарғыба ауылында Әбділбаев Тұрысбек атаның атындағы турнир тұрақты түрде ұйымшылдықпен өтіп келеді.
Атамыз қазақта «Орнында бар оңалар» деген сөз бар. Тұрысбек атамыз бен Сара апамыздың ұрпақтары өсіп-өніп, әрбіреуі бір – бір үй болып, қала берді ауыл болып отыр. Жаратқан иеміз оларды қолдап-қорғап, ата-аналарының жолын жалғастырып, өнегелі өмір кешсін деймін.
Пайданылған әдебиеттер: Т.Әбділбаевтың деректі жазбалары
«Жүректегі жазбалар» атты кітабы 2014 ж
Достарыңызбен бөлісу: |