Дайындаған: Жетекшісі Ғылыми жетекшісі: Мазмұны



бет9/11
Дата15.03.2023
өлшемі1,37 Mb.
#74719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
23
Қортынды
Әлі күнге дейін елімізде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге арналған геофизикалық аспаптар жоқ. Шетел мамандары келгенде озық технологияға негізделген құрал-саймандарын өздерімен бірге ала келеді де, кетерінде алып кетеді. Бізде археологияға қаншама миллиардтаған ақша бөлінеді. Алайда сол тарихи ескерткіштерден ашық аспан астындағы мұражай-қорық жасай алмай отырғанымыз – өте ұят жағдай.
Шығыс Қазақстан өңірінде ерте сақ кезеңінің өзі көршілерінің ықпалдастығына қарай әртүрлі дамыған, яғни бір кезеңнің өзінде қарастылып отырған өлкеде жерлеу дәстүрі бір-бірінен өзгеше, бірақ шаруашылығы ортақ бірнеше тайпалық одақтардың қоныстағандығы туралы қорытынды шығарылып, ерте сақ кезеңі тайпаларының ескерткіштеріне жалпы сипаттама берілді.
Бүгінгі күні ерте сақ дәуірінің ескерткіштерінің материалдық мәдениеті, жерлеу ғұрыптары, шаруашылығы, әдет-ғұрыптары жайлы мәліметтер қаралғанымен, археологтардың алдында сақ тайпаларының қоныстарын зерттеу мәселесі тұр. Егер осы мәселе алдағы жылдары өзінің дұрыс ғылыми шешімін табатын болса, Шығыс Қазақстанның ғана емес жалпы Еуразия кеңістігіндегі ерте көшпелілер мәдениетінің өзекті мәселелері ашылар деген ойдамыз. 2003 ж. тарихи құнды ескерткіштер мен туризм бағытына арналған « Мәдени мұра» бағдарламасына сай бүліну деңгейінде тұрған және жоғалып бара жатқан ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстары қарастырылып отырған өңірге де өз әсерін тигізді. Оған дәлел ретінде 2003 ж. бері Шығыс Қазақстан өңірінде жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазбаларды атап өтуімізге болады. Оның ішінде Ә.Т. Төлеубаевтың ерте сақ кезеңіне қарасты Шілікті қорымындағы қазбаларын ерекше айтуға болады. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің шығысындағы археологиялық ескерткіштердің кеңінен танылуына және жариялануына үлкен мүмкіндік туғызып, әлемдік деңгейде аталған ескерткіштерге қызығушылықты арттырып отыр.
Зайсан өңіріндегі Шілікті жазығынан табылған құндылықтар ата-бабалары-
мыздың текті,еңбекқор,он саусағынан бал тамған өнерлі болғанын,сондай-ақ
егін шаруашылығымен де айналысқанын да дәлелдейді. 3- «Алтын адамның»
қабірінен шыққан әшекей бұйымдардардың құйма алтыннан жасалған-дығын және оның сынамасы өте жоғары болғанын білдік .Қазақ даласында әлі ашылмаған сыр аз емес деп ойлаймыз.Есейгенде осы сырларды ашуға өз
үлесімізді қосқымыз келеді.

24




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет