Дайындаған: Жетекшісі Ғылыми жетекшісі: Мазмұны



бет5/11
Дата15.03.2023
өлшемі1,37 Mb.
#74719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Алтын адам

2.2 Есік қорғаны
Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан.
1969 — 70 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді.
Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген (қ. Алтын адам). Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м.
Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады.[1]
Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бері күллі әлемнің назарын өзіне аударған халық өркениетінің жәдігерлері «Есік» қорғанынан табылды. Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырымдай жердегі Есік қаласы маңындағы Есік қорғандары сақ дәуірінің ең көрнекті археологиялық ескерткіші болып табылады. Ол б.э.д. iV ғасырға жатады.

5


Есік қаласы маңында ертеректе тоналып кеткен 50-ге жуық қорған бар. Мұнда Қазақстанның ең әйгілі археологиялық олжасы – «Алтын адам» табылды. Өзінің аса бай мұрасымен таңқалдыратын сақ ханзадасының бұл қабірі біздің заманымызға дейін тоналмай жеткен Орталық Азиядағы бірден-бір жерлеу орны екенімен де аса құнды.
Есік қаласының солтүстігі, Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі – еліміздің ұлттық брендіне айналған «Алтын адамды» 1969-1970 жылдары көрнекті ғалым, қазақ археологиясында игі ізін қалдырған К. А. Ақышев бастаған археологтар тапты.
Қорғандағы қазбалар Қазақстанды б.з.д. V ғ. мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Алтын адам киімі қаптырмалардан жасалған сауыт, саф алтыннан құйылған қару-жарақтар ілінген белдік, жебе ұшты бас киім, «аң бейнелі» әшекейлермен безендірілген.
Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Осы өңірдегі сақ қорғандарын Жетісу археологиялық экспедициясы арнайы түрде зерттегені белгілі.
Археологиялық зерттеулер обалардың XVIII ғасырлардан бастап тонала бастағанын көрсетеді. Сақ тайпасының көсемі табылған Есік қорымдарынан хабар беретін музей қазақ тарихының көне дәуірінің жәдігер заттарымен ерекшеленеді. Жетісу сақтарының дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, сенімі, мәдениеті қазақ тарихының біртұтас бейнесін қалыптастырды.
Атадан балаға жалғасқан көшпелі дәстүрдің бірден-бір иегері қазақтар екенін дәлелдей түсу арқылы ұрпақтар сабақтастығын дамытады. Ежелгі тайпалардың киелі ойларын бейнелейтін «Алтын адамның» салтанат киімін әрлеген әшекейлер мен ескерткіштегі басқа да артефактілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінен орын алды.

6




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет