Дайындаған: Курбаниязова Роза Рял 22-4


ӨБӨЖ №6 Астана- Қазақстан Республикасының астанасы



бет3/4
Дата09.12.2022
өлшемі34,82 Kb.
#56111
1   2   3   4
Байланысты:
обөж

ӨБӨЖ №6
Астана- Қазақстан Республикасының астанасы
Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан , туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал жүрегіммен сүйемін . «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді. Ғасырлар бойы батыр бабаларымыз білектің күшімен , найзаның ұшымен қорғап қалған кең жері – менің мақтанышым. Қазақстан жері ұлан байтақ: ол Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатыр. Оңтүстігіміз бен шығысымыз биік тау сілемдерімен көмкерілсе, орталық бөлігіміз кең жазираға ұласады. Ал батысымыз Каспий теңізіне барып тірелсе, солтүстігіміз Сібірмен шектесіп тұр. Менің Қазақстаным жер көлемі жағынан Франциядан 5 есе, Жапониядан 17 есе, Италиядан 9 есе, Англияның жер көлемінен 12 есе артық. Бұл – әр қазақ баласы үшін үлкен мақтаныш, баға жетпес байлық. Осындай жер байлығы бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, оңайлықпен келмегені аян. Ғасырлар бойы жаумен жұлқыласып, басқыншыға бас имей, езілсе де еңсесі түспей, қиналса да қажыры қайтпай, жер байлығын қорғап қалған батыр бабаларымыздың ерлік істері көкейімізде сайрап жатыр. Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Әйтеке би, қаз дауысты Қазыбек, Төле би үш жүздің басын қосқан Абылай, Райымбек батыр. Айта берсек толып жатқан ұлы да ұмытылмас есімдер тізбектеледі.
1991 жылы еліміз тұңғыш рет егемендік алды, тұңғыш президентін сайлады. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген үлкен жетістіктеріміз ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ел рәміздерінің қабылданып, өз валютамыздың айналысқа енуі. Егеменді елімізді күллі дүние танып үлгерді. Мен осыныңбәрін бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың ерен ерлігінің және елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің жемісі деп білемін. Қазақстанның президенттігіне сайланғаннан кейін Елбасымыз 1992 жылы Ақмолаға келіпті. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарапты. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайды екен, өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама астаналар ылғи өзеннің жағасына
салынған. Санкт-Петербор – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде , Париж – Сенада, Лондон – Телезада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл еуразияның орталығында орналасқан.
1997 жылы 10-желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті қол қойды. Сонымен Есіл өзені бойынан елбасымыз сызып берген жоба бойынша қала бой көтерді. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998жылы 10 -маусымда өткізілді. Ақмола астана болып дәйекті түрде өзгертіліп, тәуелсіз ел егемен қазақстанның кіндік қаласына айналды. Елорда болып жарияланған жылдан бастап Астана қаласының сәулеті мен дәулеті артқаны сондай, бұл қаланы теңдесі жоқ сұлулық қаласы деп атасақ та болады. Еліміздің елордасы – Астананың тарихи тамыры тереңде. Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің, қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ал, Ақмола атауы ХІІІ-ХІV ғасырда осы өңірде тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Астананың әсем ғимараттары ерекше сәулетімен еріксіз назар аударады. Мұражайлар, ескерткіштер, саябақтарды сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Астана қаласының ажарын ашып, көз тартар ең бір көркем ғимарат «Бәйтерек» деп аталады. Оның ең басындағы алтын түстес жұмыр шар сәулесін шашып, жарқыраған күнге ұқсайды. Осындай ерекше сұлулығы мен мәні бар «Бәйтерек» – астананың рәмізі, бақыт пен құттың белгісіне айналды. . «Бәйтерек» монументінің жалпы биіктігі – 97метр. «Бәйтерек» сөзінің мағынасын энциклопедиядан қарасаңыз – жас, мықты, өсіп келе жатқан ағаш деген ұғымға саяды. Сондықтан дәл осы ескерткіш әлемдік қауымдастықтағы жаңа астананың рәмізі болып табылады. Күн сайын өсіп келе жатқан Астананың сұлулығына, тіпті шетелдік қонақтар қайран қалды. Москва – Кремлімен, Вашингтон – Ақ үйімен, Санкт-Петербург – Эрмитажымен әйгілі болса, Астана – Бәйтерегімен әлемге әйгілі. Тоғыз жылдың торабында, Республика территориясының төрінен, жүрегінен орын тепкен елордамыз Астана, ертегідегі ғажайып қаладай жыл, ай сайын емес, күн, сағат санап қарқындап, өсіп, өркендеп келеді. Еліміздің азаматтары үшін, әсіресе жастар мен балалар үшін «Астананы бір барып көрсем» - деген аңсарлы арман қалаға айналды.


ӨБӨЖ №7
Ауа райы.Ауа райын болжау
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.
Жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын дала халқы әркез назарында ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға беріп отырған. Мұндай жайларды үнемі қадағалап, болжап, оны күні бұрын хабарлап тұратын жұлдызшылар да болған. Ондай адамдар қазір де бар. Солардың бірі – танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов.
Көшпелі халықтар ауа райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған. Мұндай болжамдарды көне көз қарияларымыз әлі де айтып келеді. Бүгін назарларыңызға ауа райын табиғат құбылыстарына қарай қалай болжағаны туралы айта кетпекпін:
Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалуға тиіс.
Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болуға тиіс.
Күн қораланса, қар қалың түседі.
Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.
Күн батарда көк жиек ашық болып, қызыл шапақ шашса, ауа-райы жылынады.
Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде ыстық болады.
Ай қораланса, қыс қатты болады.
Ай шалқалап туса, ауарайы мал-жанға жайсыз болады.
Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне алшақ болса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады.
Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне жақын болса, ауа райы мал-жанға жайлы болады.
Үркер қырға түссе, құрғақшылық болады.
Тобылғы жарған. Сәуірдің соңғы күндерінде екі-үш күнге созылатын суық жел соғады. Бұл – тобылғы бүршік жарды, яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз.
Қызыл жұмыртқа. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары балапанын шығара бастайды. Халық тілінде қызыл жұмыртқа деп аталатын, осы кездерде 1-2 күнге созылатын суық болады.

ӨБӨЖ №8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет